ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы билік өкілдерімен кездеседі және Батыс Қазақстанда адам саудасын болдырмау бойынша шараны ашады
АҚТАУ, 23 сәуір 2012 ж. – Бүгін Каспий теңізінің Қазақстандық жағалауында орналасқан Ақтау қаласында ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Басшысы жергілікті билік органдарының өкілдерімен, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті, сонымен қатар халықтың осал топтарының арасында адам саудасын болдырмау бойынша семинарды ашты.
Елші ханым Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановпен қоршаған ортаны қорғау, экономика және заңның үстемдік құруы мәселелері бойынша қызметтестік мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ ЕҚЫҰ және басқа да бірқатар әлеуметтік мекемелердің қолдауымен қызмет ететін аймақтық Орхус Орталығына барды.
ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған адам саудасын болдырмау бойынша екі күндік шараны ашу барысында Елші Наталия Зарудная былай деді: «Балалар саудасын болдырмау және адам саудасы қатысында балалардың жапа шегуін азайту үшін қорғаныс ортасын құру өте маңызды. Осы тұрғыда ЕҚЫҰ мемлекетке балаларды қорғауды қамтамасыз ететін қызметтердің, атап айтқанда білім беру мекемелері мен әлеуметтік қызметтердің пәрменділігін арттыруға бүгінгі сияқты шараларды ұйымдастыра отырып көмек көрсетеді».
Осы пікірді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев былай деп толықтырды: «Қазақстан адам саудасын болдырмау бойынша барлық қажетті шараларды жасайды. Арнайы мекемелер мен балалар үйінде жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін арнайы тренингтерді өткізу тәуекел санатындағы балалардың мүмкіндіктері мен құқықтарын қорғауға және дамытуға ықпал етеді».
Аталмыш семинар адам саудасы проблемасына қатысты жергілікті билік органдарының ақпараттану деңгейін арттыруға және адам саудасымен күрес бойынша олардың жасайтын шараларының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі тартылған тараптар арасында өзара қызметтестікті күшейтуге бағытталған. Семинар 2012 жылы ЕҚЫҰ Орталығының атсалысуымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Феминистская Лига» үкіметтік емес ұйымымен әріптестікте ұйымдастырылған сегіз семинар-тренинг серияларының бесіншісі болып табылады.