Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы сотқа дейінгі кезеңде адам құқығын қорғау жөнінде судьяларға арналған семинарлар топтамасын бастады
АЛМАТЫ, Қазақстан, 21 қазан 2011 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен жергілікті судьяларға арналған соттық қадағалау арқылы сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізуде адам құқығының қорғалуын арттыруға арналған үш семинардың алғашқысы өтті.
Қазақстанның барлық аймақтарынан келген жергілікті судьялар, прокурорлар, адвокаттар және адам құқықтарын қорғаушы бей-үкіметтік ұйымдар өкілдері жиналып, қамауға алу секілді бұлтартпау шараларын қайтіп таңдау керектігін, бұлтартпау шараларының балама түрлері үшін құқықтық және құрылымдық негіздерін, және де сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізуде сот бақылауының түрлі нысандарын қолдану жолдарын пысықтайды.
Осы бір күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен, Судьялар одағымен және Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстан 2008 жылы алдын ала қамауға алу үшін сот рұқсатын енгізгелі бері, сот жүйесі және құқық қорғау органдары соттық бақылауды одан әрі күшейту бағытында тәжірибе жинады. Семинарлар топтамасының көздеген мақсаты сотқа дейінгі өндіріс барысында тиісті заңды іс жүргізу стандарттарын ілгерілету болып табылады.
«Жеке бас бостандығына құқық, басты адaм құқығы ретінде, тек қана зомбылықтан қорғайтын рәсімдерге сүйенетін тәртіпке сәйкес шектелуі мүмкін,» - деді Штефан Бухмаер, Орталықтың Адами өлшем бөлімінің меңгерушісі, Алматыдағы алғашқы семинардың ашылуында, «Сол себепті бостандықты шектеу шараларын таңдаған кезде құқықтық кепілдіктерді одан әрі күшейтудің маңызы ерекше зор».
«Сотқа дейінгі қамау жеке тұлғаның құқығына қол сұғу болғандықтан, қамау түрін таңдау шешімі заңдық бәсекелестікке негізделген іс жүргізу барысында қабылдануы тиіс. Адам құқығы тұрғысынан алғанда, таңдау жасау мүмкін жағдайларда, балама бұлтартпау шараларын қолдану дұрыс болар еді», - деді Раиса Юрченко, Жоғарғы Соттың Сараптама бөлімін басқаратын Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы.
Келесі екі семинар Ақтөбеде (Батыс Қазақстан) және Астанада өтеді.