ЕҚЫҰ адам саудасымен күрес жөніндегі аймақтық семинарды қабылдайды
АЛМАТЫ, Қазақстан, 9 қараша 2011 ж. – Бүгін Алматыда Орталық Азиядағы адам саудасымен және мигранттарды заңсыз енгізумен күрестегі шығу, транзит және бару елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі төртінші жыл сайынғы семинар басталды.
Екі күндік семинар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасымен, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен, Қазақстандағы АҚШ елшілігімен, Бішкектегі ЕҚЫҰ Орталығымен және Тәжікстандағы ЕҚЫҰ Бюросымен бірлесіп Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен ұйымдастырылды.
Семинарға шамамен алғанда 70 прокурор, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Түркияның, Түрікменстанның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ұлыбританияның, АҚШ-тың және Өзбекстанның Сыртқы істер министрліктерінің және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Балтық теңізі мемлекеттерінің кеңесінің және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары қатысады.
Қатысушылар қылмыскерлермен пайдаланылатын әдістер мен бағдарларды қоса Орталық Азиядан, сол арқылы және соның шектерінде адам саудасы және мигранттарды заңсыз енгізу саласындағы негізгі бағыттар мен үрдістер туралы ақпаратпен алмасады. Соның ішінде қылмыскерлер қолданылатын әдістер мен маршруттар; қозғалған, тергелген және сот тәртібінде қарастырылған істердің саны; сонымен қатар адам саудасымен байланысты трансұлттық қылмыстарды халықаралық бірлесіп тергеулерді жүргізудегі ең жақсы тәжірибе мәселелері де талқыға салынады. Осы семинардың мақсаты адам саудасымен тиімді күресу үшін халықаралық ынтымақтастықты күшейту, сонымен қатар адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және қорғау жолдарын қалыптастыру болып табылады.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Басшысының міндетін атқарушы Жаннет Клетцер: «Шығу, транзит және бару елдеріндегі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы диалог пен өзара әрекеттестік адам саудасының трансұлттық түрлерімен күрес саласында маңызды болып табылады», - деді. «Осы кездесу ЕҚЫҰ аймағының елдеріне, сонымен қатар оның шектерінен тыс адам саудасын болдырмау және қуғындау, сондай-ақ құрбандарды қорғау жөніндегі бірлескен стратегияларды анықтауға және тәжірибелік құралдарды жасауға көмектеседі».
ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Арманбек Баймурзин өз сөзінде: «Адам саудасымен және осымен байланысты қылмыстармен тиімді түрде күресу үшін құқық қорғау органдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жалпы күштерін біріктіру қажет», - деп атап өтті.
Осы семинар бұрынырақ Ташкентте, Ашхабадта, Абу-Дабиде сәйкесінше 2008, 2009, 2010 жылдары өткізілген семинарлар сериясын жалғастырады. Осы іс-шара Орталықтың Қазақстанға адам саудасымен күресте көмектесуге бағытталған қызметінің бөлігі болып табылады.