ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы адам саудасы құрбандарын айқындау мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел өткізуде
АСТАНА, 14 қыркүйек 2011 ж. – Бүгін Астанада адам саудасы құрбандарын айқындау және тиісті заңи іс-шаралар мәселелері жөніндегі нәтижелер мен ұсыныстарды талқылау мақсатында, ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел басталды.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Алматы, Талдықорған, Шымкент, Астана және Ақтөбе қалаларындағы жасы кәмелетке толмағандарға және белгілі тұрақты мекені жоқ тұлғаларға арналған реабилитациялық орталықтар мен қамауда ұстау орындарындағы адам саудасы құрбандарын анықтауға бағытталған жобаның нәтижелерін ұсынды. Жоба «Халықаралық құқықтық бастама» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп іске асырылды.
Аталмыш шараға 30-ға жуық қатысушылар қатысты, олардың арасында Еңбек, Әділет, Ішкі істер, Білім беру министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған және белгілі тұрақты мекені жоқ тұлғаларға арналған мемлекеттік реабилитациялық орталықтардың өкілдері, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.
«Адам саудасы құрбандарын анықтаудың тиімді жүйесі адам саудасы құрбандарының қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың әділ сотқа қол жеткізуін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады», - деді ЕҚЫҰ Орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Штефан Бухмайер. «Аталмыш жоба мемлекеттік органдарға адам саудасының 31 құрбанын анықтауға және оларға тиісті көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Біз жобаны іске асыру барысында жинақталған тәжірибе болашақта адам саудасы құрбандарын анықтау және қорғау жүйесін жетілдіру үшін қолданылады деген үміттеміз».
ЕҚЫҰ полиция қызметінің стратегиялық мәселелер бөлімі, адам саудасымен күрес мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Хана Шначдрова «Адам саудасы: ықтимал және болжамды құрбандарды айқындау. Полицияның жергілікті халықпен қызметтестігінің тұжырымдамасы басшылығын» ұсынды. «Адам саудасы құрбандарын олардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін тиісті қызметтерге жолдау қажет. ЕҚЫҰ басшылығы жаңа тәсілге, атап айтқанда полицияның жергілікті халықпен қызметтестігі арқылы адам саудасы құрбандарын айқындауға септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті Шначдрова ханым.
ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі Басқарманың басшысы, Арманбек Баймұрзин, былай деп қосады: «Адам саудасымен және оған қатысты басқа да қылмыстармен тиімді күресу үшін тығыз ведомствоаралық үйлесім, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың жалпы күшін біріктіру қажет».
Осы дөңгелек үстел Орталықтың Қазақстанға адам саудасымен күресте көмек көрсету қызметінің бір бөлігі болып табылады.