ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлау үрдісін жетілдіру жөнінде дөңгелек үстел өткізуде
АСТАНА, 9 қыркүйек 2011 ж. – Бүгін ЕҚЫҰ Орталығы ҚР Сыртқы істер министрлігімен және ҚР Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп сайлау үрдісін одан әрі жетілдіру және демократиялық сайлау өткізу бойынша ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындау мәселелерін талқылау мақсатында Астанада дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) сарапшылары мен мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен қоса, 60 астам қатысушылар қатысты. Қатысушылар Қазақстандағы сайлау үрдісінің одан әрі жетілдіру жолдарын қарастырып, сонымен бірге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Президент сайлауын бақылау Миссиясының есебі мен ұсыныстарымен танысты. Сонымен қатар, олар 2012 жылғы алдағы парламенттік сайлау тұрғысында сайлау жүйесіндегі саяси партиялардың рөліне және сайлау алдындағы үгіт-насихат шарттарына қатысты мәселелерді қарастырды.
Дөңгелек үстелдің ашылуында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Александр Кельчевский: «Халықтың мерзімдік және шынайы сайлаулар барысында еркін және адал білінетін еркі тиімді басқарудың негізі болып қалады», – деді.
«Сайлауды ұйымдастыру және өткізу кандидаттарды ұсынудан бастап, сайлауды өткізгенге дейінгі күрделі үрдіс болып табылады. Оған саяси құқықтардың, еркіндіктер мен міндеттердің кең спектрін сақтау кіреді. Осыған байланысты, ЕҚЫҰ елдің билігіне оның ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкес келуі мақсатында сайлау үрдісін ары қарай жетілдіру жөніндегі күш салуларына көмек көрсетуге дайын».
ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры Сержан Әбдікәрімов: «Президент сайлауларын өткізу Қазақстан Республикасының тарихында маңызды кезең болды, тәуелсіздіктің 20 жылы демократиялық дамудың, соның ішінде сайлаулар саласындағы жалпы мойындалған халықаралық стандарттарды енгізуге және берік нығайтуға деген біздің ұстанымымызды растайды», – деді.
Президент сайлауларын бақылау жөніндегі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясының басшысы, елші Даан Эвертс өз сөзінде: «Біздің ұсыныстарымыздың мақсаты Қазақстанға сайлау үрдісін реформалау барысында көмек көрсету болып табылады. Біз ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекет ретіндегі Қазақстанның міндеттемелеріне және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сайлауларды жүргізуге арналған шарттарды жасауда нақты дамуды және жақсаруды көруге ниеттенеміз», – деді.
Осындай шаралар мен кеңестер өткізу арқылы ЕҚЫҰ Қазақстан билік органдарымен сайлау саласында диалогты жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Қазақстанның сайлау жүйесін реформалау саласында көмек көрсетуге дайын.