ЕҚЫҰ Қазақстанда жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған энерготиімділік мәселелері жөніндегі семинарды қолдауда
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/9/9/301086.jpg?1517413103)
2017 жылы 20 ақпанда Қазақстанның Қарағанды қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен 70-ке жуық жалпы білім беру мектептеріне арналған энерготиімділік және энергияны сақтау мәселелері жөнінде оқыту семинары өтті.
Іс-шара Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары жалпы білім беру мектептерінің орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдерін оқытуға бағдарланған үш семинар сериясының соңғысы болып табылды. География, биология, информатика пәндері және бастауыш сыныптардың 210-ға жуық мұғалімдері қатысқан семинарлар оқушыларды экологиялық мәселелерге үйретудің тиімді әдістерін қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараларды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйымымен, Норвегияның табиғатты қорғау қоғамымен, экологиялық білім беруге мамандандырылған «Экообраз» қоғамдық бірлестігімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Семинарлар жаңартылатын энергия көздерін қолдану саясатын және жасыл өсу тұжырымдамаларын ілгерілету бойынша Офистің көпжылдық жұмысының бөлігі болып табылады, сондай-ақ орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдерге арналған өткен жылы өткізілген семинарлардың жалғасы болып табылады.