Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен өтетін конференция сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа әдістерін және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы әрекет қолданудың саясаттары мен ұстанымдарының қазіргі заманғы мәселелері бойынша халықаралық конференция 2016 жылғы 8 желтоқсанда Астанада өтті.
Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі қатысушыларды елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес реформалары орындалуының қазіргі жағдайымен таныстыру мақсатында құқық қорғаушы органдардың, азаматтық қоғамның, елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың 110-ға жуық өкілдері үшін ұйымдастырды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Латвиядан келген сарапшыны және сыбайлас жемқорлықпен күрестің және ұлттық заңнамаға халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес стандарттарын енгізу қажеттілігінің құқықтық, институционалдық және тәжірибелік аспектілері бойынша пікірталастарда басқа баяндаушылардың сөз сөйлеуін қолдады. Сонымен бірге, қатысушылар осы саладағы халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне баса назар аударды.
Іс-шара Офистің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес саласында Қазақстанға қолдау көрсету бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігімен бірлескен ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады. Ол тиімді басқару және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы Офистің көпжылдық жұмысына негізделеді.