ЕҚЫҰ Қазақстанның сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде оқыту тренингтерін аяқтайды
2016 жылдың 12 қазанында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен 35 судья мен Қазақстан өңірлерінің облыстық соттар өкілдері үшін сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде ең үздік тәжірибелер бойынша тренинг өтті.
Тренингті Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясымен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Осы тренингпен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдар мәселелері жөніндегі судьяларға арналған үш тренинг сериясы аяқталады.
Тренингтің негізгі мақсаты Қазақстанның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының ережелеріне көңіл аудара отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең үздік ұлттық және халықаралық практикаларды ілгері жылжыту, сот әділдігіне ашық қол жеткізу және сот әділдігін қамтамасыз етуге арналған алдын алу тетіктерін құру болды.
Іс-шара сыбайлас жемқорлықпен күрес және құқықтың ұлықтылығын ілгері жылжыту саласында қабылдаушы елге көмек көрсету жөніндегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.