ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы әрекет ету мәселелері бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әлеуметтік жұмыскерлерге арналған семинарлар топтамасын аяқтауда
2016 жылдың 6 қазанында ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисі Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында адам саудасына қарсы әрекет қолданудың теориялық және практикалық мәселелері бойынша бес семинардың соңғысын өткізді.
Әлеуметтік жұмыскерлер мен құқық қорғау органдарының 180 қызметкеріне арналған семинарлар Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларында өткізілді. Семинардың жұмысына әкімдік пен Бас прокуратура өкілдері қатысты.
Семинарлар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, ҚР Ішкі істер министрлігімен және АҚШ Қазақстандағы Елшілігімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Семинарлар барысында адам саудасының құрбандарына жәрдем берудің ұлттық және халықаралық стандарттарына, ілеспелі факторлар саналатын әлеуметтік оқшаулау мен айыруға, интеграциялану және оңалту мәселелеріне, сондай-ақ залалдың өтелуіне ерекше мән берілді.
«Адам саудасы саласына сондай-ақ кәмелетке толмағандар саудасы, жезөкшелікке тарту, адам ұрлау және бостандығынан заңсыз айыру секілді қылмыстық құқық бұзушылықтар кіреді», - деді ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күресу бойынша мамандарды даярлау жөніндегі оқу орталығының бастығы, Жанғали Кенбаев. «Бір жылда адам саудасы саласында үш жылға жуық қылмыстық істер қозғалады».
«Адам саудасы күрделі құбылыс, ал мұндай мәселелердің тиісінше қаралуы әртүрлі құзырды қажет етеді», - деп бөлісті ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі Сара Бонотти. – «Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де, әлеуметтік жұмыскерлерге де арналған мұндай семинарлар құрбандардың әр алуан мұқтаждығына лайықты тергеу жүргізілу үшін сот әділдігіне қол жеткізуден, психологиялық және материалдық қолдауға дейін бағдар алады».
Семинарлар топтамасы қабылдаушы елдің халықаралық шарттар бойынша қабылданған міндеттемелеріне сәйкес құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның адам саудасымен күрес жүргізу мәселесінде ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің танысу жұмыстары мен әлеуетті аттыруға ұзақ мерзімді қатысуы аясында өткізілген болатын.