ЕҚЫҰ Қазақстанда еңбек көші-қонын басқару бойынша оқу семинарын қолдауда
АСТАНА, 3 қазан 2016 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен көші-қон және еңбек мәселелері жөніндегі орталық және жергілікті биліктің 25-ке жуық өкіліне арналған еңбек көші-қонын басқару бойынша екі күндік оқу семинары басталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымымен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен ынтымақтастықта мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыру және еңбек көші-қонын басқару саласындағы ұлттық кешенді саясатын әзірлеу мақсатында ұйымдастырды.
Халықаралық сарапшылар шетел жұмыс күшінің мұқтаждықтарын бағалау бойынша әдістерін қарастырды, еңбек көші-қоны саласындағы тиімді саясатты әзірлеу үшін нұсқаларды бағалады, сондай-ақ заңсыз көші-қон ағындарын азайту бойынша шараларды анықтады. Сонымен бірге қатысушылар қабылдаушы елдегі мигранттардың еңбек нарығына қолжетімділігін реттейтін құқықтық және операциондық негіздерге баса назар аудара мигранттардың құқығын қорғау әдіс-тәсілдерін талқылады.
Аслан Қаржаубаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары: «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ақпаратына сәйкес Қазақстанда 200,000 аса заңсыз мигранттар жұмыс істейді. Заңсыз көші-қоны ағындарын реттеу мақсатында көші-қон бойынша жаңа тұжырымдаманы әзірлеу маңызды болып табылады, оны біз ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлаймыз».
Рати Джапаридзе, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Экономика және экология бөлімінің басшысы еңбек мигранттарымен өркениетті түрде қарым-қатынасты орнату құқықтық және демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатындығын атап өтті. «Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі еңбек көші-қоны саласындағы ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес заңнамалық базаны жетілдіруде Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын».
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің әлеуетті арттыру және үздік тәжірибемен алмасу арқылы еңбек көші-қонын басқару мәселелерінде тиімді басқаруды қабылдаушы елде ілгерілету бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.