ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі терроризмге қарсы Қазақстанда халықаралық дөңгелек үстел жұмысын қолдауда
АСТАНА, 22 қыркүйек 2016 ж. – Халықаралық терроризмнің соңғы үдерістері мен жастарды зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалдануға тартуды алдын алу жолдары бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен өткен халықаралық дөңгелек үстелде талқыланды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Парламент Мәжілісі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
120-ға жуық депутат, Парламент Мәжілісінің Спикері, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары, Парламент Комитеттерінің төрағалары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Дін істері және азаматтық қоғам министрі, Бас Прокурордың орынбасары, сонымен бірге Жоғарғы Сот, Ішкі істер, Дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінің өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, діни қауымдардың басшылары, сонымен қатар азаматтық қоғам, БАҚ және саяси партиялардың өкілдері терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалданудың негізінде жатқан факторлар мен осы қауіпті жоюдың тиімді жолдарын қарастырды.
Олар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ұсынылған өзгерістерді талқылады. Ресей Федерациясынан келген сарапшы өз елінің терроризммен күрес тәжірибесі мен зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмнен жастардың бетін қайтарудың тиімді әдістері туралы ақпаратпен бөлісті.
«Терроризм және экстремизммен күрес қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұлттық саясаттың негізгі бөлігі болып табылады», - деді Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин. «Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты - депутаттар, азаматтық қоғам ұйымдары, саяси партиялар мен журналистерді осы қауіпті алдын алу мен онымен күресудің тиімді жолдарын жан-жағынан талқылап, заң жобасы өзгерістеріне нақты ұсыныстар жасау».
Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы терроризмге қарсы күрес іс-қимылдар қабылдау қажеттілігі мен Офистің сараптамамен қоса қолдау көрсетуге дайындығын ерекше атап өтті. «Сәттілікке қол жеткізу үшін біз азаматтық қоғамның барлық өкілдерімен бірлесе отырып қызмет етуіміз абзал».
ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің сұранымы бойынша заң жобасы түзетулерінің екінші оқылымына дейін заңнамаға ұсынылған өзгерістердің құқықтық сараптамасын дайындайды.
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ескере отырып, терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалданумен күресте ықпалдастық етудегі көп жылдық қызметінің бөлігі болып табылады.