ЕҚЫҰ Қазақстанның Целиноград ауданында жергілікті өзін-өзі басқару бойынша оқыту семинарды қолдауда
2016 ж. 27 мамырда Ақмола облысының Ақмол аудандық орталығында Қазақстанның Целиноград ауданы ауылдары әкімдіктерінің (муниципалитеттер) 70 жуық өкілдері ағымдағы жергілікті өзін-өзі басқару реформасын талқылау мен оның болашақ құқықтық және институционалдық дамуы жөнінде пікір алмасу мақсатында кездесті.
Іс-шара қатысушылары жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық аспектілері, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі іс қаралуы, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлікті басқару, сондай-ақ жергілікті деңгейде шешім қабылдау үдерісіне азаматтарды қатыстыру мәселелерін қарастырды.
Оқыту семинарын Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ұлттық экономика министрлікпен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Іс-шара Бағдарламалар офисінің Қазақстанда тиісті басқару қағидаларын ілгерілету мен демократияны дамыту бойынша ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.