ЕҚЫҰ Қазақстандағы адам саудасына қарсы әрекет ету мәселелері бойынша судьяларға оқыту жүргізуде
2016 жылы 31 наурызда Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен адам саудасына қарсы әрекет ету мәселелері бойынша қазақстандық аймақтық соттардың судьяларына арналған оқу семинары басталды.
Бұл екі күндік іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ҚР Президентінің жанындағы Сот төрелігі институты, Жоғарғы Cот және Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған алты семинар топтамасының ішіндегі үшіншісі болды. Онда адам саудасымен байланысты істерді қарастыру барысындағы сот тәжірибесі және сот шешімдерін орындаудың халықаралық тетіктері, қылмыстарды жіктеу, айғақтар жинау, құрбандарды қорғау мен өтеудің барлық саласында жүйелі түрде тиісті заңнамалық базаны қалай енгізу керектігін азаматтық қоғам мүшелерінен және халықаралық сарапшылардан білу мақсатында елдің түкпір-түкпірінен 40 астам судьялар жиналды.
Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, өзінің кіріспе сөзінде: «Соттар адам саудасымен байланысты сот ісін жүргізу барысында сот әділдігінің орындалуына кепілдік беріп, сөйтіп зардап шеккендердің қорғалуын, өтемақылар және реституцияның тағайындалуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ЕҚЫҰ осындай жағдайлар бойынша сот отырыстарын тиімдірек жүргізе алу үшін сот жүйесіне адам саудасымен байланысты мәселелерді және қиындықтарды жақсы түсінуіне көмектесуге бағытталған Қазақстанның салған күш-жігерін толығымен қолдайды».
Аталмыш іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам саудасымен күрес жүргізуге және ЕҚЫҰ Адам саудасымен күресуге бағытталған іс-қимыл жоспарының енгізілуіне қолдау көрсету жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының аясында өткізіліп отыр.