ЕҚЫҰ Қазақстан судьяларына адам саудасына қарсы тұруға байланысты оқыту жүргізуде
АСТАНА, 11 ақпан 2016 жыл - Қазақстанда облыстық судьяларға арналған адам саудасына қарсы күрес жүргізуге байланысты тиімді тәжірибе туралы екі күндік алты оқыту семинары топтамасының ішіндегі алғашқысын Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қолдады.
Ел аймақтарынан келген 40 жуық судьялар Түркия Жоғарғы Сотының судьясы мен белгілі ұлттық сарапшылардың көмегімен ұлттық заңнаманы адамды саудаға салу бойынша істерді қарастыру кезіндегі қылмыстарды жіктеу, дәлелдемелер жинау, құрбандарды қорғау мен өтемақы төлеу, сонымен қатар құқық қорғау органдарының тергеу әдістері мен сот тәжірибесі салаларында дәйекті қолдану туралы білді.
Семинарды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, Жоғарғы сотпен және Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлесе отырып, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі ұйымдастырған болатын.
Адам саудасының құрбандарын қорғау процесі сот кезіндегі олардың құқықтарын тиімдірек қорғай алу үшін, мұндай оқиғаларды ерте анықтау мен құрбандардың мұны өз бойынан қалай өткізгенін мұқият білуді талап етеді. Осы қылмыстың сипаты өте күрделі болуы мүмкін болғандықтан, басқа елдер мен халықаралық сарапшылардың тәжірибесін зерттеу, және ол осы заманғы құлдықтың түріне қарсы күрес жүргізуде қалай көмектескенін білу өте маңызды болып табылады», - деді ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының қызметін атқарушы Мирко Гюнтер.
Мұрат Бейбітов, Мемлекеттік басқару академиясының Әділет институтының директоры: «Адам саудасы туралы істеріндегі сот тәжірибесіне шолу жасау сот шешімдерінің сапасын жақсартудың тиімді жолы болып табылады. Бұл семинарлар жергілікті судьяларға сот тәжірибесінің әлеуетін дамытуға және халықаралық стандарттар мен конвенцияларды сақтауға қолдау көрсетеді», - деді.
Бағдарлама 2015 жылы қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 250 судьяға арналған оқыту семинарларының жалғасы болып табылады. Олар зардап шеккендерге көмек көрсетуді ерекше назарға алып, тергеу амалдары және прокурорлық тексеру кезіндегі жинақталған сот практикасымен танысты.
Аталмыш іс-шара ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам саудасымен күрес жүргізуге және ЕҚЫҰ адам саудасымен күресуге бағытталған іс-қимылдар жоспарының енгізілуіне қолдау көрсету жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының аясында өткізіліп отыр.