Адам құқықтарының халықаралық күніне байланысты ЕҚЫҰ Қазақстанда жастар құқық форумын өткізуде
АСТАНА, 10 желтоқсан 2015 ж. - Адам құқықтарының халықаралық күніне арналған «Терроризмге қарсы күресте адам құқықтарын қорғау» тақырыбындағы жыл сайынғы Жастар құқық форумы бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада Қазақ гуманитарлық-заң университетінде (ҚазГЗУ) өтті.
Форумды Қазақ гуманитарлық-заң университеті және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Іс-шараға 100-ге жуық қатысушы, соның ішінде елдің барлық аймақтарынан жиналған жоғары оқу орындары студенттері, халықаралық және жергілікті құқықтық сарапшылар, лауазымды тұлғалар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Шақырылған спикерлердің қатарына ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко және ЕҚЫҰ трансұлттық қатерлер департаментінің сарапшысы кірді.
Күн тәртібіндегі болған тақырыптар адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар, құқықтық құралдармен қатар, экстремизм мен терроризмге қарсы алдын алу және адам құқығына негізделген қарсы насихаттау шаралары жайлы студенттердің хабардар болуын арттыруға бағытталған.
Іс-шара панельді талқылау, халықаралық шығармалар байқауы және заң мамандығы студенттері арасындағы ұлттық пікірталас сайысын біріктірді. Пікірталас сайысы мен байқаулар студенттерді терроризм, радикалдану және басқа да жаһандық қауіп-қатерлер жайлы, сонымен қатар әлеуметтік ақпарат құралдарының тиісті рөліне қатысты ағымдағы мәселелерді саралауға шақырды. Студенттер арасындағы шығармалар байқауының жеңімпазы 2016 жылы терроризмге қарсы күрес бойынша ЕҚЫҰ іс-шарасына бару мүмкіндігімен марапатталады.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна терроризмге қарсы күресте ЕҚЫҰ-ның Астана Декларациясының маңыздылығын атап өтті. «Астана декларациясы қауіпсіздіктің кешенді тұжырымдамасы, адам құқықтары мен заң үстемділігін құрметтеуге негізделген ЕҚЫҰ-ның терроризмге қарсы көзқарасының өзектілігіне көңіл бөледі. Құқық қорғау органдары, осы мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, ұлттық қауіпсіздікке туындайтын қауіптер мен проблемаларға кәсіби жауап беруді қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ бұл Конституция және адам құқықтары кепілдік берген негізгі бостандықтарға зиян болмауы қажет», – деп айтты Зарудна.
Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыстық істер бойынша барлық тергеулер адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар мен ұлттық қылмыстық заңнама және қылмыстық іс жүргізу нормаларына сәйкес жүргізілетінін атап өтті.
Талғат Нәрікбаев, ҚазГЗУ университетінің ректоры: «Экстремистік және террористік топтар өз қылмыстық іс-әрекеттеріне жастарды жиі тартуда. Сондықтан да жоғары оқу орындарының студенттері арасында осы идеологияның жағымсыз шындығын анықтауға септігін тигізетін іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінгі студенттік форум сияқты түрлі форматтарда өтетін қауіпсіздік мәселелері бойынша пікірталастарға сіздерді қатыстыру, радикализм мен зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмнің алдын алу бойынша дәйекті жұмысын жалғастырудағы біздің университеттің ұмтылысын тағы да растап отыр», - деді.
Іс-шара шешім қабылдау барысына жастарды тарту және олардың қатысуын ынталандыруға қатысты Бағдарламалар Офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы жылы Офис, оған дейін Алматы қаласында Каспий қоғамдық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараларға қоса, тоғызыншы рет форум жұмысын қолдап отыр.