ЕҚЫҰ Қазақстанда зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы күресте азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты қолдауда
АСТАНА, 10 қараша 2015 ж. – Бүгін Астанада зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмді алдын алу мен оған қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі мен атсалысуы ЕҚЫҰ қолдауымен басталған дөңгелек үстелдің басты тақырыбы болды.
Екі күндік іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Қазақстанның Терроризмге қарсы орталығымен бірлесе ұйымдастырып, оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас Прокуратура, Жоғарғы Сот, Ішкі істер, Білім және ғылым, Әділет министрліктері, ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті, Астана қаласы әкімдігінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтың шамамен 40 жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.
Қатысушылар әр түрлі елдерде азаматтық қоғамның өз қауымдастықтарында адамдардың радикалдануына жол бермеу мақсатында қалай жұмыс жасайтындығын, олардың мемлекеттік институттармен өзара іс-қимылдары мен тәуекел топтарында жұмыс істеуде қандай құралдар пайдалануға болатынын қарастырады. Дания, Қырғызстан, Тәжікстан мен Біріккен Корольдіктен келген сарапшылар тәжірибелерімен бөлісіп, өз елдерінің тақырыпқа сай зерттеулерін ұсынады. Талқылаулар халық арасында алдын алу шаралары, тәлімгерлік мәселелері, сонымен қатар тәуекел топтарында қозғаушы күштері мен ынтандаландыру мәселелеріне бағытталатын болады.
Елші Наталия Зарудна, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы: «Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы зорлықсыз әдістерінің тиімділігін арттыру мақсатында, тәуекел топтарды және құрбандарды іріктеу жолдарын анықтауымыз қажет. Осы мақсатта әсіресе Интернетте ақпараттық науқанды тиімді түрде жүргізу үшін оқу орындарының, мұғалімдердің, журналистердің, қоғам қайраткерлерінің, ең бастысы, азаматтық қоғамның әлеуетін нығайту қажет», - деді.
Терроризмге қарсы орталық штабының бастығы Жанат Сайполдаев былай деп айтты: «Бірде-бір ел терроризмге қарсы жалғыз күресе алмайды. Сондықтан, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалдылықты алдын алу және олармен күресудегі елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін халықаралық қоғамдастық шеңберінде және әр ел ішінде күш-жігерді біріктіру маңызды болып табылады». Ол осы қауіпті жою үшін ең тиімді тәсілі ретінде мақсаттық зорлықсыз әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Талқылау нәтижесінде терроризмге қарсы күресу және алдын алудағы азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты нығайту бойынша парламент, үкімет пен жергілікті әкімшіліктер үшін ұсыныстар жиынтығы әзірленетін болады.
Іс-шара терроризмге әкелетін радикалдылық пен зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмді алдын алу және қарсы күресу жөніндегі қабылдаушы елдің әлеуетін нығайту бойынша ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі қызметінің бір бөлігі болып табылады.