ЕҚЫҰ адам саудасының зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша Қазақстандағы әлеуметтік қызметкерлерді оқытуда
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі адамды саудаға салудан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша 5 қараша 2015 жылы Қазақстанның Алматы қаласында әлеуметтік қызметкерлерге арналған оқытушы семинардың өткізілуіне қолдау көрсетті.
Әлеуметтік қызметкерлер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және адам саудасы құрбандарына көмек көрсетумен айналысатын азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері - барлығы 50-ге жуық қатысушы адам саудасы құрбандарын қорғауды стандартталған және дәйекті түрде қамтамасыз етуге бағытталған жаңа рәсімдер мен тәжірибелерден хабардар болды.
Семинар ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес адам саудасының құрбандарына арналған арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын әзірлеуге бағытталған ведомствоаралық жұмыс тобы отырыстары сериясының жалғасы болып табылады.
2016 жылғы қаңтарда күшіне енетін әлеуметтік стандарт зардап шеккендерге әлеуметтік қызмет көрсету, соның ішінде уақытша баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға қойылатын тиісті шарттар мен рәсімдердің талаптарын айқындайды.
Іс-шара қабылдаушы ел тарапынан ратификацияланған халықаралық шарттардың міндеттемелеріне сәйкес адам саудасына қарсы күрес жүргізу саласындағы мемлекеттік мекемелер мен азаматтық сектордың әлеуетін күшейту және хабардарлығын арттыру мақсатында Бағдарламалар офисінің көп жылдық күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл іс-шара адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ-ның іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.