ЕҚЫҰ Қазақстанда адам саудасынан зардап шеккендер үшін әлеуметтік қызметтер ұсыну мәселелеріне арналған оқу семинарларын өткізуде
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі 2015 жылы 23 қазанда Қазақстанның Шымкент қаласында адам саудасының құрбандарына әлеуметтік қызметтер ұсыну мәселелері бойынша бір күндік төрт оқыту семинарлар сериясын бастады.
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (ДСӘДМ) бірлесіп ұйымдастырып отырған семинарға 50 астам әлеуметтік қызметкер, ДСӘДМ мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері жиналды. Қатысушылар адам саудасының құрбандарына қатысты таяуда әзірленген әлеуметтік стандарттың енгізілу жолдарымен таныстырылды.
Жергілікті және халықаралық сарапшылар, соның ішінде Ішкі істер министрлігінің өкілдері адам саудасының құрбандары болған жандарға қатысты міндеттер мен функциялар бойынша жергілікті заңнамаға сәйкес ықпалдасып отырған ҮЕҰ өкілдеріне түсініктеме беріп өтті. Оған қоса, қабылдау шарттары, сәйкестендіру формалары, адам саудасының құрбандарына, сондай-ақ қылмыстық іс қозғауға келіскендерге көрсетілетін күтім мен қызметтер жайлысөз қозғалды.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енетін әлеуметтік стандарт мемлекеттік және үкіметтік ұйымдар құрбандарға әлеуметтік қызметтерді көрсеткенде, оның ішінде уақытша баспана ұсынғанда ұстанатын шарттар мен процедураларға қойылатын талаптарды көздейді.
Семинар Офистің адам саудасымен күресу және оның алдын алу бойынша жергілікті билік пен азаматтық қоғамға жәрдемдесу жолында атқарылып отырған жұмыстардың аясында өткізіліп жатыр.
Осы сияқты оқыту семинарлары 2015 жылы Алматы, Қостанай және Астана қалаларында да өз жалғасын табатын болады.