ЕҚЫҰ кибер қылмысқа қарсы күрес жөнінде Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдерін оқытуды жалғастыруда
2015 ж. 19 қазанда Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен қабылдаушы елдің мемлекеттік мекемелері мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне арналған кибер қылмыспен күрес жөнінде бес күндік оқыту семинары басталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлесуімен Ішкі істер және Әділет министрліктерінің, Бас прокуратура, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Алматыдағы полиция академиясының шамамен 30 қызметкерлеріне ұйымдастырды.
Халықаралық сарапшылар бастамасымен өткізіліп отырған «Компьютерлер мен компьютерлік желілерге заңсыз қол сұғушылық» 2015 ж. маусымда ЕҚЫҰ қолдауымен офицерлер тәмамдаған «Компьютерлік қылмыстар мен электрондық коммерция саласындағы қылмыстарды тергеу негіздері» курсының жалғасы болып табылады. Офицерлер компьютерлерден түрлі энергия бағымды және жартылай энергия бағымды айғақтарды жинауға және талдауға жауап береді.
Курс мемлекеттік қызметкерлерге компьютерлік желілерге заңсыз қол сұғушылық саласында көпшілік тергеу істеріне жауап беруге дайын болуға мүмкіндік беретін дағдыларды қамтамасыз етуге бағытталған. Қатысушылар оперативті жадыдан жинау және сараптау инструменттері мен техникалары, нақты уақыттағы мәліметтер, Microsoft Windows регистрлері, файлдар мен оқиғалар журналы, сонымен қатар қылмыс құрбандары мен күдіктілердің компьютерлерін тексеруге арналған желілік пакеттер ақпараты туралы білім алады.
Оқыту семинары ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің трансұлттық қауіп-қатерлер, ақша жылыстату, терроризмді қаржыландырумен күрестегі және Интернетті қылмыстық мақсаттарда пайдалануды болдырмау қызметінің бөлігі болып табылады.