ЕҚЫҰ Қазақстанда көпэтникалық қоғамдағы полиция қызметі жөнінде оқыту семинарын өткізуде
АҚТӨБЕ, Қазақстан, 5 қазан 2015 ж. – Бүгін Актөбеде ЕҚЫҰ қолдауымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін көпэтникалық қоғамдағы полицияның ең жақсы практикалары мен халықаралық стандарттары жөнінде үш күндік оқыту семинары басталды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен, ЕҚЫҰ ұлттық азшылық ісі жөніндегі жоғарғы комиссарымен (ҰАЖК) және Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен (ІІМ) бірлесіп Қазақстандағы Швейцария Елшілігінің және Швейцариядағы Convivenza азшылықтардың халықаралық орталығының қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды. ЕҚЫҰ қоғамдық қауіпсіздік бастамасы жобасының және Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығының сарапшылары Қырғызстандағы өз жұмысының тәжірибесімен бөлісті.
Бүкіл елдің шамамен 20 аға буын полиция офицерлері және Қазақстан халқы ассамблеясы мен Бас прокуратураның жергілікті өкілдері полицияның этносаралық қатынастарды қабылдау маңыздылығы туралы, сондай-ақ полиция құрылымдарындағы этносаралық қатынастарда әлеуетті қалай құру туралы біледі. Халықаралық сарапшылар ЕҚЫҰ полиция қызметінің стратегиялық мәселелері жөніндегі бөлімінің және ҰАЖК басқармасының өкілдерімен бірлесіп көрэтникалық қоғамда полиция ұғымдарын, қағидаттары мен практикаларын іске асыру, сондай-ақ оларды күнделікті жұмыста қалай қолдану жөнінде өз тәжірибесі мен білімін ұсынады.
Семинарға мынадай: әртүрлілікті ұғыну, мәдени және діни ұғыну, тіл, сенім мен өзара түсіністікті нығайту және ҰАЖК көп ұлтты қоғамдағы полиция қызметі мәселелері жөніндегі ұсынымдарында сипатталғандай қоғаммен мәдени кедергілерден өту тақырыптары кірді. Қатысушылар әр түрлі елдердегі полиция тәжірибесінің негізіндегі тақырыптық зерттеулерден және мысалдардан әртүрлілікті ұғыну жаппай көпшілік жиналыстарды басқаруға қалай енгізілуі тиіс екенін біледі. Сондай-ақ, олар қақтығыстардың алдын алу және реттеу жөніндегі практикалық жаттығуларға қатысады.
Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна: «Көпэтникалық қоғамда қоғамдық тәртіпті қолдау зорлық пен тәртіпсіздіктердің алдын алуға бағдарланған арнайы тәсілдерді талап етеді. Осыған байланысты, полицияның табысты жұмысы үшін қажетті жағдайларға жету бірлестікпен, атап айтқанда полиция мен көпшілік алдындағы жиналыстарға қатысушылардың арасында бітістіруші ретінде болатын этникалық топтың құрметті мүшелерімен сұхбат орнату және өзара түсіністікке жету арқылы мүмкін», - деді.
ЕҚЫҰ ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі жоғарғы комиссардың аға кеңесшісі Дженнифер Крофт: «Полиция осы не өзге мемлекеттің барлық тұрғындарының құқықтарын қорғауда этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл ойнайды. Мен Қазақстан билігінің әртүрлілік мәселелерінде полиция дағдыларын нығайтуға бейілділігіне қуаныштымын; бұл көпэтникалық қоғамда маңызды», - деді.
ІІМ заң институтының бастығы Сәлімгерей Қаракұшев институтта сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқы үшін ең маңызды – барлық этникалық топтардың өкілдерімен келісімде, үйлесімділікте және бейбітшілікте тұруға ұмтылу. Осы іс-шара полиция мен ұлттық азшылықтардың әртүрлі өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді және олардың ынтымақтастығына дем беретініне сенемін», - деп атап өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен аударылған және басып шығарылған Әртүрлі қоғамдарды біріктіру жөніндегі Любляна ұсынымдарының қазақ тілді нұсқасы осы іс-шарада ұсынылды және қатысушылар арасында таратылды.
Іс-шара Ішкі істер министрлігі мен олардың полиция лауазымды адамдарының әлеуетін көп этникалық ортадағы жұмысында арттыру үшін Бағдарламалар офисі, ҰАЖК мен ІІМ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның шеңберінде 2012 жылы басталған жобаның жалғасы болып табылады. Бұл полиция қызметінің демократиялық негіздерін жылжыту және ұлттық азшылықтарға жататын адамдар құқықтарын қорғау жөніндегі Бағдарламалар офисі мен ҰАЖК күш салуының бөлігі болып табылады.