Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күніне орай адамды саудаға салумен күресуге қатысты ақпараттық-ағарту кампаниясын қолдады
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні мерекесіне байланысты Астанада 2015 жылы 30 шілдеде өткен адам саудасымен күрес бойынша ақпараттық-ағарту кампаниясын қолдады. Іс-шара Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) және «Қорғау» жергілікті үкіметтік емес ұйымымен ынтымақтастықта Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қолдауымен өткізілді.
ҮЕҰ-нің шамамен 45 еріктілері адам саудасын болдырмау тәсілдерін сипаттайтын Қылмыстық кодекстің баптары келтірілген және Ішкі істер министрлігінде ашылған «сенім телефоны» көрсетілген кітапшаларын таратты. Баннерлер мен жейделер ЕҚЫҰ мен ХКҰ-дің осы қылмыспен күрес туралы жұртшылықты хабардар ету жолын ұстаушылығын көрнекі көрсетті. Сонымен қатар акция флешмоб, теледидардан хабар тарату және темір жол вокзалында үнпарақтарды тарату арқылы жүзеге асырылды.
Ақпараттық кампания қоғамның әртүрлі буындарының назарын адам саудасы мәселесіне аудару мақсатында жастарға, әйелдерге және халықтың басқа әлеуетті осал санаттарына арнайы арналды.
Бұл іс-шара адам саудасымен күресте және ЕҚЫҰ-ның адам саудасымен күрес жөніндегі Іс-қимыл жоспарын іске асыруда қабылдаушы елге көмек көрсету жөніндегі ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисінің көп жылғы қызметінің шеңберінде өткізілді.