ЕҚЫҰ Қазақстандағы кеден қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі конференцияны бірлесіп ұйымдастыруда
АСТАНА, 10 қыркүйек 2015 ж. – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу бойынша халықаралық тәжірибені қолдау жөніндегі конференция басталды.
Екі күндік іс-шара «Қазақстан-2050» стратегиясында және «100 нақты қадам» реформалар жинағында белгіленген мақсаттарға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресу және тиісті кедендік және салықтық басқаруды жетілдірудегі салааралық ынтымақтастықты қолдауға бағытталған.
Конференцияға елдің әр аумағынан келген 100-ге жуық Қаржы министрлігінің қызметкерлері, азаматтық қоғам, академия және бұқаралық ақпарат құралдарының сарапшылары, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден одағы, Дүниежүзілік банк және БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері қатысты.
Грузиядан, Исландиядан, Латвиядан, Литвадан, Швейцариядан және АҚШ-тан келген сарапшылар өздерінің осы саладағы озық тәжірибелерін ұсынып, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясын жүзеге асырудың халықаралық стандарттар бойынша жақсарту шараларын талқылайды.
Қатысушылар қабылдаушы елдегі кедендік басқару әрекеттерін және мемлекеттік кірістерді үйлестіру органдарының жұмыстарын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстарды әзірлейді деп күтілуде.
Елші Наталия Зарудна, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы, ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданған қауіпсіздікке қол жеткізудің кешенді тәсілі тұрақтылық пен тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің тиімді әдісі ретінде барлық деңгейде тиісті басқару жүйесін енгізу шараларын қамтитінін атап өтті. «Құқықтың үстемдігі, жемқорлықты жоюға бағытталған тиімді шаралар және билік қызметінің ашықтығының кепілі саналатын күшті азаматтық қоғамды дамыту жағымды инвестициялық және іскерлік ортаның міндетті факторлары, яғни экономикалық өсуі мен гүлденуінің алғышарты болып табылады».
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Төрағасының орынбасары Тілеу Занғарашев: «Біздің міндетіміз – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен адал салық төлеушілерге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен бақылаудың таңдамалы түрлерін қолдану арқылы «максималды сенім» қағидасын, ал теріс ниеттегі импортерлер үшін белгіленген барлық бақылау түрлерін қолдануға мүмкіндік беретін бақылау жүйесін құру», – деп айтты.
Конференцияны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара Офистің қабылдаушы елде жемқорлықпен күрес және тиісті басқару әрекеттерін жолға қоюға бағытталған ұзақ мерзімді жұмысы аясында өткізілуде.