ЕҚЫҰ Солтүстік Қазақстанда еңбек мигранттарының интеграциясы бойынша оқыту семинар өткізуде
ПЕТРОПАВЛ, Солтүстік Қазақстан, 30 шілде 2015 ж. - Бүгін Петропавл қаласында еңбек мигранттарының интеграциясы жөніндегі бір күндік оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты - ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің еңбек миграциясына байланысты міндеттемелері мен мигранттардың еңбек нарығына шығуын реттейтін заңнамалық және институционалдық аяға шолу өткізу.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік мәселелер және көші-қон комитеті, Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен (ДИАҚБ) бірлесе отырып ұйымдастырды. ДИАҚБ және ХКҰ сарапшылары мигранттар мен қабылдаушы елдегі олардың интеграция құқықтары мәселелерімен айналысатын жергілікті билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың 25 өкілдерімен халықаралық тәжірибемен бөлісті. Сонымен қатар, олар Оңтүстік Қазақстан облысында 2001 жылдан бері жұмыс істейтін «Сана сезім» орталығының Солтүстік Қазақстан облысындағы мигранттарға кеңес беру тәжірибесін пайдалану жолдарын талқылады.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер былай деді: «Көптеген жылдар бойы ЕҚЫҰ мигранттардың қоғамға интеграциялануына жәрдемдесуді, олардың құқығын қорғауды, гендірлік теңдікті назарға ала отырып, Қазақстанға көші-қон шаралары мен заңнаманы дайындауға қолдау көрсетіп отыр». Ол елдің түрлі бөліктеріндегі осы оқыту семинарларының сериясы шетелдік қызметкерлерді жалдау мен мониторингтің кешенді және тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша Қазақстанның күш салуына қосқан қомақты үлесі болып табылады деп атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Марат Шынтеміров еңбек миграциясы жаһанданудың ажырамас бөлігі болып табылады деп атап өтті. «Бүгінгі әлемде біз осы үрдістердің үдеуінің куәгері болып отырмыз.
Осы елдердің әлеуметтік амандығын Үкіметтерінің еңбек миграциясын реттеу және тиімді себептесе алу дәрежесі анықтайды», – деді Шынтеміров.
Іс-шара үздік халықаралық тәжірибені енгізу және әлуетті арттыру арқылы еңбек миграциясы саласындағы тиімді мемлекеттік басқаруға көмектесу бойынша ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисі қызметінің бір бөлігі болып табылады.