ЕҚЫҰ еңбек мигранттарының интеграциясы мәселелері бойынша өңірлік оқыту семинар ұйымдастырады
2015 жылдың 27 шілдеде Батыс Қазақстанның Орал қаласында еңбек мигранттарының интеграциясы жөніндегі бір күндік оқыту семинары басталды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік мәселелер және көші-қон комитеті, Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен (ДИАҚБ) бірлесе отырып ұйымдастырды.
ДИАҚБ және ХКҰ сарапшылары мигранттар мен қабылдаушы елдегі олардың интеграция құқықтары мәселелерімен айналысатын жергілікті билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың 25 өкілдерімен халықаралық тәжірибемен бөлісті. Қатысушылар ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің еңбек миграциясына байланысты міндеттемелері мен мигранттардың еңбек нарығына шығуын реттейтін заңнамалық және институционалдық аяға шолу өткізді. Сонымен қатар, олар Оңтүстік Қазақстан облысында 2001 жылдан бері жұмыс істейтін «Сана сезім» орталығының Батыс Қазақстан облысындағы мигранттарға кеңес беру тәжірибесін пайдалану жолдарын талқылады.
Іс-шара үздік халықаралық тәжірибені енгізу және әлуетті арттыру арқылы еңбек миграциясы саласындағы тиімді мемлекеттік басқаруға көмектесу бойынша ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисі қызметінің бір бөлігі болып табылады.