ЕҚЫҰ Қазақстанда гендерлік мәселелер жөнінде cеминарды ұйымдастыруда
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/8/4/163571.jpg?1517409169)
КӨКШЕТАУ, Қазақстан, 5 маусым 2015 ж. – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ел өңірлеріндегі жергілікті басқару органдарының өкілдері үшін гендерлік мәселелер жөнінде семинарлар сериясын бастап, оның біріншісі бүгін Ақмола облысы Көкшетау қаласында өтті.
Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен облыстық әкімшілікпен ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Ұлттық сарапшылар жергілікті атқарушы және өкілдік билік органдарының шамамен 40 қатысушыны гендерлік теңдік қағидаттарын жергілікті саясаты пен өзін-өзі басқару мәселелеріне енгізу әдістерімен таныстырды.
Қатысушыларға Қазақстандағы гендерлік саясаттың проблемалық мәселелері ұсынылды, бұл ретте гендерлік проблемалар мен бюджетті жоспарлау, әрі гендерлік айырмашылықтарды ескере отырып, статистикалық деректерді бөлуге ерекше назар аударылды, себебі бұл мәселелер әйел мен ер адамдардың теңдігін жылжыту стратегиясында жаңа болып табылады. Әйелдер құқықтары мен теңдігін кеңейту тұрғысынан және алдағы парламенттік сайлау мен жергілікті билік органдарына сайлау тұрғысында қатысушыларды сайлау өткізу стратегиясымен және табысты сайлауалды науқанды, соның ішінде әлеуметтік желілер мен коммуникациялық технологияларды пайдалану кезінде электоратқа үндеуді ұйымдастыру әдістерін әзірлеумен таныстырды. Қоғамның сенімін күшейту және басшы қызметтердегі әйелдердің имиджін жақсарту жолдары талқыланды.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары деңгейінде гендерлік теңдік стратегиясын жылжыту үшін қатысушыларға ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тиісті басқару жүйесін, ашықтық пен жауапкершілікті орнату мақсатында гендерлік саясат қағидаттарын қолдану жөнінде нұсқаулық өткізілді.
«Біздің елімізді нығайтуға бағытталған мемлекет басшысымен белгіленген бес институционалдық реформаларды дәйекті және сәтті түрде іске асыру - гендерлік аспекті сияқты маңызды тікелей факторға байланысты. Ер адамдармен бірге әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейтілмей және осы үдеріске белсенді қатыстырылмай тапсырмаларды орындау қиынға соғады», - деп ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысының орынбасары Елена Тарасенко айтты.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталья Зарудна: «Әйелдердің құқықтарын толық және тең жүзеге асыру үшін алғышарттар құру мәселесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, негізгі бостандықтар және адам құқықтарын құрметтеу, қоршаған ортамен үйлесімді тұрақты экономикалық даму, басқа сөзбен айтқанда, қауіпсіздіктің барлық әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами үш өлшемі бойынша ЕҚЫҰ-ның мақсаттарына қол жеткізу үшін өте маңызды болып табылады», - деді.
Осы семинарларды өткізу ЕҚЫҰ жыныстар теңдігі саясатын жөнінде іс-қимылдар жоспарын орындау кезінде қабылдаушы елге қолдау көрсетудегі ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.