ЕҚЫҰ адам саудасы құрбандары үшін ұлттық қайта бағыттау механизмімен таныстыру мақсатында Сербияға қазақстандық делегацияның баруын ұйымдастырады
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі наурыздың 4-7 аралығында Белградқа қазақстандық парламентарийлердің, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласының, Ішкі істер министрлігінің өкілдері және қоғам белсенділері үшін сапар ұйымдастырды. Сапардың мақсаты Адам саудасы құрбандары үшін ұлттық қайта бағыттау механизмін құруда Сербияның тәжірибесін зерделеу болып табылады.
Сербияның Парламентінде делегация Адам құқықтары және гендерлік теңдік комитетінің басшысымен кездесті, сондай-ақ адам құқықтарын қамтамасыз ету және адам саудасымен күрес саласындағы тәжірибемен алмасты. Сонымен қатар Сербияның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету артықшылықтары мен оларды тиімді іске асыру тәсілдері талқыланды.
Қазақстанның өкілдері ұлттық қайта бағыттау тетігінің үйлестірушісімен және Еңбек және ардагерлер мен мүгедектерді қорғау министрлігінің, Әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Бас прокуратураның мемлекеттік қызметшілерімен, сондай-ақ қатал ұстау құрбандарына көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен толық талқылау өткізді. Сербия шенеуніктері мен азаматтық қоғам белсенділері адам саудасы құрбандарын анықтау және мұндай адамдарды тиісті қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз ету үшін тиімді негіз құруға қажетті құқықтық және институционалды қадамдар туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Сонымен қатар қатысушылар, өзгеден басқа саясаттың ұлттық бағыттарын анықтауда озат тәжірибені және олардың адам саудасының алдын алу және онымен күрес саласындағы ұлттық заңнамада бейнелеп көрсетуін қарады. Сондай-ақ, құрбандарға арналған баспанаға кәсіптік қызмет көрсетуді және тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар мен қадамдардың тиімділігін арттыру үшін ұлттық қайта бағыттау механизмін әзірлеу және іске асыру үшін заң және институционалды деңгейде жолдар мен қаражат талқыланды.
Сондай-ақ, парламентарийлер Сербиялық – Қазахстандық Кеңеспен және Сербиядағы Қазақстан Республикасының қазіргі елшісімен ұлттық азшылық құқықтарын қамтамасыз ету саласында Қазақстанның бастамаларын талқылау үшін кездесті. Сонымен қатар делегация Сербиядағы ЕҚЫҰ Миссиясының басшысымен Миссия жұмысының түпмәтінін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-да төрағалық ету шеңберінде Сербияның басымдықтарын талқылау үшін кездесті.
Бұл сапар ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің Қазақстан мен азаматтық қоғамға адам саудасымен күресте қолдау және алдын алуда әрі зиян шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетуде көп жылғы кұш салу шеңберінде өткізілуде.