ЕҚЫҰ офисі астаналық оқушыларға энергия тиімділігі жөнінде сабақтар өткізеді
2015 жылдың 5 наурызында Қазақстан, Астана қаласының №47 мектебінде ЕҚЫҰ қолдауымен оқушыларға арналған энергия тиімділігі мен табиғат ресурстарын орынды пайдалану жөніндегі алғашқы білім беру шаралары басталды.
Сабақ ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі, «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйымы және орта мектеп әкімшілігі ұйымдастырып отыр.
Сабақ барысында 30 жуық оқушыға табиғат ресурстары мен қалпына келтірілетін энергия көздерін тиімдірек пайдалану арқылы экологиялық проблемалар мен төніп отырған қауіп, климаттың өзгеруі жөнінде және оларды шешу жолдары айтылды.
Мектеп оқушыларына тәжірибелік мысалдар арқылы электр тоғын алудың әртүрлі әдістерімен таныстырылып, шағын құрылғыларды қоректендіру үшін картоп пен лимонды қалай пайдалану керектігін білді. Мұндай шаралар олардың зерттеу жүргізу дағдыларын машықтандыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Сабақ оқушылардың табиғат ресурстарын сақтаудың, мектеп пен үйде энергия үнемдеу шараларының қабылдану қажеттілігі жөніндегі білімдерін арттыруға бағытталған. Осы өткізілген шаралар наурыз айында Астананың үш мектебіндегі 160 оқушы арасында ұйымдастырылмақ.
Аталмыш шара Офистің Қазақстан жастарының орнықты дамуы саласындағы білімін арттыруға бағытталған жұмыстарының аясында өткізілуде.