ЕҚЫҰ Қазақстанда қылмыстық сот төрелігінің процессуалдық нормалары бойынша адвокаттар үшін семинар ұйымдастыруда
31 қаңтар 2015 жылы Алматыда 40-қа жуық қорғаушы адвокаттар жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес дәлел жинаудың тәртібі мен стандарттары бойынша ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі мен Алматы адвокаттар алқасы бірлесіп ұйымдастырған семинарға қатысты.
Іс-шараның мақсаты дәлел жинау және қажетті қорғау стратегияларын оқып білу арқылы адвокаттардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша түсінігін арттыруға ықпал етуге бағытталып, сондай-ақ олардың Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес енгізілген жаңа тәртіп - куәгерлердің жауаптарын сақтауға тапсыру бойынша білімдері мен дағдыларын тереңдету болды.
Қатысушылар дәлелдемелердің іске жататындығы мен қатыстылығы, түсінік беруге әр тарапты міндеттеудің заңдық мүмкіндігі, мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы жауап беру, сондай-ақ жабық тыңдаулар мен куәгердің өзіне-өзі қарсы жалған айғақ беру жағдайында дәлелдемелерді жинау қағидаларына қатысты жалпы ережелерді талқылады. Ұлттық құқықтық сарапшылар адвокаттардың сот ісіндегі функциялары мен өкілеттіктеріне қатысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы өзгерістерге шолу жасады.
Аталған іс-шара жаңа қылмыстық сот төрелігі жүйесі шеңберінде құқық қорғау органдары және заң қауымдастығының тиімді әрекет жасау үшін олардың әлеуетін нығайтуға бағытталған Офистің ұзақ мерзімді қызметі аясында өткізілді.