ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда Интернетті лаңкестік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияны қолдайды
АСТАНА, 25 қараша 2014 ж. – Бүгін Астанада, Қазақстан, ЕҚЫҰ қолдауымен Интернетті лаңкестік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі конференция болды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы, Қазақстанның Мәдениет министрлігінің Дін істері және спорт комитетімен және Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп 100-ге тарта үкімет шенеуніктері, парламентарийлер, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік мамандары, ғалымдар, дін танушы/теологтар және журналистер, оның ішінде Австриядан, Әзірбайжаннан, Германиядан, Қазақстаннан, Италиядан, Молдоводан, Ресейден, Түркиядан, БАӘ-дан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан, Өзбекстаннан, БҰҰ-дан және Орталық Азиядағы Лаңкестікке қарсы ТМД Орталығынан келген халықаралық сарапшылар мен ғалымдары үшін ұйымдастырды. Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ Өкілдігі Бюросының және Трансұлттық қатерлер департаменті/ЕҚЫҰ лаңкестікке қарсы бөлімшенің кеңесшілері ЕҚЫҰ-ның таңдаулы практикасымен бөлісті.
Конференция интернет-технологиялар арқылы қолдау алатын лаңкестік ұйымдарға байланысты мәселелерді талқылау үшін тұғыр ұсынды және күш қолдану экстремизмі идеологиясын және Интернет пен әлеуметтік желілерде заңсыз контентті таратуға қарсы күресте құқықтық шеңберлерді белгілей отырып және халықаралық ынтымақтастықты кеңейте отырып Интернетті лаңкестік мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша практикалық тұжырымдар әзірлеудің артықшылықтарын бағалады.
Елші, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының басшысы Наталья Зарудная былай деді: «Лаңкестікке қарсы күрестің нәтижелілігі, бәрінен бұрын, пәрменді ұлттық саясатқа, өзгеріп отыратын сын-қатерлерге ден қою практикасы мен икемділікке байланысты болады. Киберқылмыстардың әр түрлі көріністерінің алдан ала отырып, біз осымен елеулі лаңкестік әрекеттердің алдын аламыз және адамдардың да, тұтастай алғанда, мемлекттің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. ЕҚЫҰ 2005 жылдан бастап адам құқықтарын сақтауды ескере отырып, Интернетті лаңкестік мақсатта пайдалануға қарсы әсерлі шараларды әзірлеуге және іске асыруға белсенді және табанды жәрдем көрсетуде».
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев: «Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдері лаңкестікке қарсы тұру мәселесінде тығыз халықаралық ынтымақтастыққа мұқтаж екендігі айдан анық. Лаңкестікке қарсы күресте халықаралық деңгейде тұжырымдамалық-практикалық жұмыс бойынша тың күш-жігер қажет. Идеялармен, пікірлермен және тәжірибемен бөлісе отырып, жаңа тәсілдерді әзірлей және енгізе отырып, тек бірлесумен ғана біз күш көрсету, лаңкестік пен экстремизм культін насихаттауға тиімді тосқауыл қоя аламыз»,- деді.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның лаңкестікке қарсы күрес бойынша жаһандық күш-жігерге жалпыны қамтитын үлесінің бір бөлігі болып табылады.