Лаңкестікпен күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейту — Қазақстандағы ЕҚЫҰ қолдаған конференциияның тақырыбы
АСТАНА, 19 желтоқсан 2014 ж. — Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен зорлық экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету саласында халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру тетіктері тақырыбында конференция өтуде.
Конференцияны ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының және ҚР Бас прокуратурасы институты бірлесіп, 140-тан астам мемлекеттік шенеуніктер, прокурорлар және басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері, парламентарийлер, ғалымдар мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін ұйымдастырды. Сондай-ақ, іс-шараға есірткінің, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық-Азия өңірлік ақпараттық және үйлестіру орталығының (ЦАРИКЦ), Орталық Азия бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің антитеррорлық орталығының және Қазақстандағы БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері қатысуда. Еліміздің шамамен 150 прокуроры мен құқық қорғау органдарының қызметкері іс-шараға бейнеконференция арқылы қатысады.
Қатысушылар, соның ішінде Болгария, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекістаннан келген жетекші сарапшылар зорлық экстремизмді, террористік актілер және терроризмді қаржыландыруды алдын алу және оларға қарсы әрекет ету бойынша ұлттық және халықаралық тәжірибемен бөліседі. Олар шекаралас елдер мен халықаралық ұйымдардың құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайту, үйлестіру және әрекеттесу тәсілдерін қарастырады, шетелдік террорист-жауынгерлердің феноменін зерттейді, сондай-ақ зорлық экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі БАҚ пен азаматтық қоғамның рөлін талқылайды.
«Әлемнің әртүрлі өңірлерінде жақын арада болған оқиғалар терроризм үшін мемлекеттік шекаралар, саяси жүйелер немесе этникалық тиістілік жоқ екенін дәлелдеді», - деп ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная айтты. «БҰҰ Жаһандық антитеррорлық стратегиясында атап өтілгендей, терроризммен тиімді күресу үшін террористік әрекеттерді жоюға арналған шараларды ғана қолдану жеткіліксіз. Әлемдік жұртшылық зорлық экстремизмнің және терроризмге апаратын радикалданудың жайылуына ықпал ететін жағдайларды жоюға тиіс».
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко: «Терроризммен және зорлық экстремизммен күрес жөніндегі міндеттің бірнеше күрделілік деңгейлері бар. Бұл өте көп жақты міндет және қабылданатын шараларға деген жауаптылықты, жүйелілік пен тұтастылықты талап етеді. Біз басып озуға жұмыс істеуді үйренуге және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеуге тиістіміз, себебі қылмыскерлер өз әрекеттерінің әдістерін үнемі жетілдіруде», - деді.
Бұл конференция зорлық экстремизм мен терроризмге апаратын радикалданумен күрес пен осы саладағы адам құқықтары мен құқық үстемдігін сақтау мақсатында ЕҚЫҰ ұйымдастырған ұлттық іс-шаралар сериясының құрамдас бөлігі болып табылады.