ЕҚЫҰ орталығы Арал теңізінің өңірінде тұрақты балық шаруашылығының мәселелері бойынша семинар өткізуде қолдау көрсетеді
ҚЫЗЫЛОРДА, Қазақстан, 2014 ж. 18 қараша – Арал теңізінің өңірінде жасыл экономиканы ілгерілету аясында тұрақты балық шаруашылығы мен аквамәдениетті ендіру бүгін Қызылордада басталған ЕҚЫҰ қолдауымен оқытатын семинардың тақырыбы болып табылады.
Шара Қазақстандағы Аралды құтқарудың Халықаралық қорының (АҚХҚ) Атқарушы дирекциясымен, орталық және жергілікті биліктің 60 өкілдеріне, ғылыми-зерттеу институттарына, академияларға, іскерлік қоғамдастық пен мемлекеттік емес экологиялық ұйымдарға арналған Қызылорда облысының және Арал-Сырдария Бассейн Кеңесінің жергілікті әкімшілігімен серіктесе отырып, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен ұйымдастырылған.
Семинар ағымды жағдай мен климаттық өзгеріске қатысты өңірдегі балық шаруашылығы мен аквамәдениетті дамыту алғышарттары, 2030 жылға дейін Қазақстанда биологиялық алуандылықты сақтаудың Ұлттық стратегиясына сәйкес балық ресурстарын тиімді пайдалану, басты жобаларды енгізу және осы салада келешегі бар технологияларды ұсыну жөнінде сұхбат жүргізуге арналған платформаны ұсынды.
Қатысушылар сонымен қатар, Арал теңізі өңіріндегі қоршаған ортаға экономикалық қызметтің әсерін азайтуға арналған мүмкіндіктерді, балық шаруашылығында озық тәжірибені және халықаралық стандарттарды қолдануды талқылады. Талқылау нәтижесіне сәйкес органдар мен ғылыми бірлестіктерге бірқатар ұсыныстар әзірленді.
«Өңірде балық өндірісін және тұтынуды жоғарлатудағы жақсы мүмкіндіктерді дәстүрлі балық шаруашылығы арқылы ғана емес, сондай-ақ, балықты өсіру арқылы да қамтамасыз етуге болады. ЕҚЫҰ қатысатын көптеген елдерде осы салада көп тәжірибе бар », – деп Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының бастығы, Посол Наталья Зарудная айтты. – «Шектеулі су ресурс әлемінде осы салада бұл Арал теңізі үшін ең жақсы шешім бола алады, дегенмен, айтарлықтай бастапқы қаржы, мемлекеттік қолдау және тәжірибелі сарапшыларды тарту арқылы қарқынды дайындалу қажет болады ».
Қызылорда обласы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов былай деді: «Бүгінгі оқытылып отырған семинардың тақырыбы Сырдария өзенінің ең төменгі учаскелерінде орналасқан облысымыз үшін әсіресе көкейкесті болып отыр. Сырдарияны реттеуге және Солтүстік Арал теңізін сақтауға бағытталған алға басар жобаның бірінші фазасын енгізу үшін біз өңірде әртараптандырылған және нәтижелі балық шаруашылығын дамыту мүмкіндігін алып отырмыз».
Осы жоба аясында Көкарал бөгетінің құрылысынан кейін Арал теңізі екі бөлікке бөлінді. Сондықтан Қазақстан аумағында орналасқан Кіші Арал теңізі су деңгейінің көтерілуіне орай балық өнеркәсібінің жандануына күш алды.
Шара тиімді су пайдалануды ілгерілету және Арал теңізінің солтүстік бөлігінде әлсіз экожүйесін қорғау бойынша Орталықтың тұрақты ат салысуының бір бөлігі болып табылады. Ол АҚХҚ қазақстандық филиалы мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының арасындағы түсіністік Меморандумына қол қойылған бастамасы түрінде қосымша шара болып келеді.