ЕҚЫҰ Орталығы есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі аймақтық семинар өткізуде
ҚАРАҒАНДЫ, Қазақстан 3 қараша 2014 ж. - Бүгін Қарағандыда құқық қорғау органдары қызметекерлері үшін есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымының бағдарын табу, сонымен бірге контрабанданы табу тәсілдеріне арналған төрт күндік аймақтық семинар басталды.
Іс-шара ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірісі комитеті мен АҚШ елшілігінің бірлесуімен есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күреске қатысты құқық қорғау органдарының потенциалын күшейту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға бүкіл елден шамамен 60 офицерлері, сондай-ақ Мемлекеттік кірісі комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, сонымен қатар Ауғанстан, Әзірбайжан, Белорусь, Ресей, Украина, Тәжікістан мен Өзбекстанның есірткімен күресу органдарының жоғары лауазымды тұлғалары катысуда.
Грузия, Қазақстан, Литва мен АҚШ, сондай-ақ Интерпол сарапшылары есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі тәжірибесімен бөліседі. Олар Интерпол заңсыз айналымымен күрес саласындағы қызметімен, есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымының бағдарын табу және алдын алу саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық практикалармен, прекурсорлардың түрлерімен, есірткі саудагерлерді анықтауға арналған психологиялық тәсілдермен таныстырады.
«Ауғанстаннан Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінін біртіндеп шығуына байланысты осы аймактағы мемлекеттер өздерінің есірткімен күресу органдарының потенциалын нығайту және құқық қорғау органдарының арасындағы өз мемлекет ішінде және оның сыртында тиімді әрекеттестігін кеңейту тиіс», - деп атап өтті Елші, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы Наталья Зарудная. «Сонымен қатар олар трансұлттық ұйымдастырылған қылмыстың қатерін тиімді шешу мақсатында есірткі мен прекурсолардың заңсыз айналымының арналарын анықтауда комплексті тәсілдерді қолданады».
Мұратжан Жанғозин, Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірісі комитетіндегі оқу-әдістемелік орталығының басшысының орынбасары: «Осы семинар есірткі мен прекурсолардың заңсыз айналымымен күресуге, тағайындалған елдерге есірткілердің заңсыз айналымының транзиттік бағдарын тиімді түрде табу саласындағы Қазақстан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жаңа біліктер мен дағдылар алуына көмектеседі», - деп айтты.
Семинар ЕҚЫҰ орталығының трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен, атап айтқанда есірткі мен химиялық прекурсолардың заңсыз айналымымен күреске күш салуының бөлігі болып табылады.