ЕҚЫҰ Орталық Азия мен Ауғанстанның экология саласындағы жас басшыларына арналған тренингке қолдау көрсетуде
АЛМАТЫ, Қазақстан, 16 қыркүйек 2014 ж. – Бүгін Алматы қ. басталған Орталық Азияның орнықты дамуға арналған экология бойынша көшбасшылық бағдарламаларының (CALPESD) аясындағы 9 күндік оқыту семинарына Орталық Азия мен Ауғанстанның азаматтық қоғам, мемлекет және бизнесін ұсынып отырған экология саласындағы 40 жуық жас жетекшілер мен мамандар қатысты.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы, Орталық Азияның Аймақтық экология орталығы (ОААЭО) және Норвегия үкіметімен қолдауымен БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (UNEP) осымен бесінші мәрте өткізіп отыр. Шара қатысушылардың экологиялық білімдерін жетілдіруге және күрделі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу кезінде өз дағдыларын іс жүзінде қолдануға үйретуге бағытталған.
Осы жылы CALPESD тренингтер бағдарламасы Орталық Азияның орнықты дамудағы прогрессіне баға берілуіне баса мән беріп отыр. Бағдарлама үш тақырыптық мақсаты: адамдар, қоршаған орта және орнықты даму бар интерактивті сессиялардан тұрады.
«Лайықты басқару, құқық үстемдігі, ашықтық, адам құқықтарын қорғау және негізгі бостандық сияқты халықаралық принциптер мен құндылықтарға негізделген Орталық Азияның орнықты дамуға арналған экологиялық бағдарламасы Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның дамуын қамтамасыз ете алатын, жас көшбасшыларды оқытудағы тиімді механизм ретінде танылды», - деді елші Наталья Зарудная, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы,.
ОААЭО атқарушы директоры Ескендір Абдуллаев: «Тек жас мамандардың әлеуетін ашуға ғана емес, басқару тиімділігін арттыру және экология секторының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында тренингтер, дәрістер және таныстырулар өткізу арқылы экологиялық жағдайдың жақсартылу мүмкіншіліктерін талқылауға да бағытталған біздің бағдарлама бес жылдан бері іске асырылып келеді. Біз бағдарламаның орнықты дамуды алға қою арқылы аймақтық ынтымақтастық үшін тұрақты әрі тиімді платформасы болады деген ойдамыз».
Іс-шара ЕҚЫҰ экологиялық қауіпсіздік және орнықты даму саласындағы ынтымақтастық пен аймақтық диалогты дамыту жолындағы ұзақ мерзімді жұмысының шеңберінде өткізіліп отыр. Шара ЕҚЫҰ 2014 жылдағы Швейцариялық төрағалығының жастарды қауіпсіздік проблемаларына тарту басымдығына қолдау көрсету жолында ұйымдастырылды.