ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Азаптау мен қатыгез әрекеттерді алдын алуға бағытталған Ұлттық теттікке қатысты семинарлар топтамасын бастауда
АСТАНА, 2 қыркүйек 2014 жыл – ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанда Азаптау мен қатыгез әрекеттерге қарсы бағытталған Ұлттық алдын алу тетiгін (ҰАТ) іске асырудың тәжірибелік аспектілеріне арналған төрт оқыту семинарларының екіншісі бүгін Астанада өткізілді.
Елдің әр аумағындағы ҰАТ мүшелерінің әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту шараларының шеңберінде халықаралық құқықтық база мен ұлттық заңнамаға, сонымен қатар БҰҰ азаптауды алдын алу жөніндегі комитетіне құзырлы органдар стандарттары жайлы терең хабардар болу мәселелеріне назар аударылып отыр.
ҰАТ-тың 90 жуық мүшелері, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ішкі істер органдарының аймақтық басқармалары, бас прокуратура, білім министрлігі, денсаулық министрлігінің өкілдері ұлттық тетікті жүзеге асырудағы басқа мемлекеттердің озық тәжірибелерін зерттеп, Қазақстандағы мониторинг жүргізудегі өзекті мәселелердің ретін талқылады.
Танымал болгариялық сарапшы және бірқатар ұлттық сарапшылардың жетекшілігімен өткен талқылаулар абақтыға алу нысандарын бақылау тәжірибесі мен азаптауға қарсы күрес жүргізу халықаралық стандарттарын саралауға, соның ішінде мониторингтік бақылаулар мен бюджетті жоспарлау, алдын ала болудың әдістемесі мен баяндама жасау, ұсыныстардан кейінгі іс-әрекеттер мәселелеріне арналды. Одан басқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара сыртқы қимыл жасау мен тиісті мемлкеттік органдар мен мекемелер басшылығымен ынтымақтастық жүргізу сұрақтары талқылаудан өткізілді.
«Азаптау мен қатыгездікті алдын алу кез келген қылмыстық жүйе стратегиясының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Оның артықшылықтарын мен жаңа институттың тәжірибелік маңызын толықтай пайдалану жағдайында, Қазақстандағы 2013 жылы құрылған Ұлттық алдын алу тетігі азаптаулармен күресудегі күш-жігерді жаңартып, қылмыстық сот төрелігіндегі әдістерді басқаша қарастыруға мүмкіндік береді», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, елші Наталья Зарудная.
Вячеслав Калюжный, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі: «Қазақстанда ұлттық алдын алу тетігін іске асырудың бірінші кезеңі оған қатысушы тұлғалардың, соның ішінде заңнамаға сәйкес бақылауға жауапты пенитенциарлық жүйенің лауазымды тұлғаларының және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің оқытылуы мен кәсіби дамуының айқын қажеттілігін дәлелдеді. Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың әлеуетін арттыруға бағытталған семинарлар топтамасы Қазақстандағы ҰАТ мандатын ойдағыдай іске асыруға жағдай жасайды», - деп атап өтті.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен) және Халықаралық абақты реформасының Орталық Азиядағы өкілдігі бірлесіп өткізген бүгінгі семинар ағымдағы аптада Өскемен қаласы (Шығыс Қазақстан) және Ақтөбе қаласындағы өткізілетін (Батыс Қазақстан) оқыту сессияларымен жалғасады. Олар Қазақстанда ҰАТ мен БҰҰ Азаптауға қарсы конвенциясының факультативтік хаттамасын бекіту мен ілгері дамыту ісі аясындағы Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.