Қазақстанда ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы амалдар мен шаралар жөніндегі тақырыптық семинар өтті
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/9/9/121822.jpg?1517407906)
2014 жылдың 25 шілдесінде Астана қаласында ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты анықтау және жолын қию мәселелеріне арналған жалпыұлттық үш күндік семинар аяқталды.
Қаржы полициясы органдарымен, ЕҚЫҰ Орталығымен және АҚШ Астанадағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған аталмыш шараның мақсаты – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа күресетін басты ведомствоның қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер қолдану мәселелерінде халықаралық озық тәжірибемен таныстыру және оның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі орны мен мүмкіншіліктерін күшейтуге ықпалдасу.
Италия, Қазақстан, Ресей және Түркия елдерінің жергілікті және халықаралық тәжірибелі нұсқаушылары өткізген семинар жұмысына Қаржы полициясының орталық және аймақтық органдарының орта офицерлік құрамының 40 астам қызметкерлері мен мамандары қатысты.
Сарапшылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастықты ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу тақырыптарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқандар өткізу шараларын, сонымен қатар қылмыстық қызметтен түскен кірісті анықтау әдістемесін және әлеуметтік зерттеулер дайындау, әлеуметтік сауалнама жүргізу процедуралары мен әдістерін ұсынып, талқылады. Қатысушылар тәжірибелік мысалдарды саралап, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстардың кері салдарын келтірмеуінің жолдарын талқылады.
Аталмыш шара адал мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің жүргізілуін қамтамасыз ету саласындағы алдыңғы кезектегі міндеттердің/басымдықтар мен негізгі бағыттардың қатарына кіріп, Қазақстанның 2015-202жж. кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік жоспарының әзірленіп, дайындалуына ықпалдасуға бағытталған.