Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы су ресурстарын тиімді басқарудың қазіргі технологияларын енгізуге көмектеседі
АЛМАТЫ, Қазақстан Республикасы, 25 маусым 2014 ж. — Экологиялық тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көмектесу тәсілі ретінде су ресурстарын тиімді басқару, бүгін Алматыда Балқаш-Алакөл бассейні кеңесінің мүшелері үшін ЕҚЫҰ бастаған іс-шаралар сериясының ой өзегі болып табылады.
Екі күндік талқылауды қамтитын бағдарламаны және одан кейінгі әлеуетті өсіруге арналған семинарды ЕҚЫҰ Орталығы Балқаш-Алакөл бассейні жоспарлы кеңесінің шеңберінде өңірлік және жергілікті биліктің, бизнес-бірлестік пен азаматтық қоғамның шамамен 40 өкілімен бірлесіп ұйымдастырды.
2014-2040 жылдарға арналған су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ ел заңнамасына енгізілген кейбір түзетулерді жақын арада бекіту тұрғысынан Кеңес мүшелері мен басқа қатысушылар Балқаш-Алакөл өңірінде қазіргі су сақтайтын технологияларды енгізу әдістерін ұлттық сарапшылармен талқылайды.
«Қазақстан Республикасының ұлттық жасыл экономика стратегиясы тұрақты экономикалық даму шеңберінде әлеуметтік және экологиялық ой-пікірлерді ескеруге мүмкіндік беретін кешенді, ұжымдық және бірлескен тәсіл негізінде су ресурстарын ұтымды басқаруға бағытталған», - деп мәлімдеді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная. Осыған байланысты ұлттық саясатты қалыптастыруда Бассейн кеңестерінің рөлін күшейтуді және әлеуетін өсіруді жалғастыру өте маңызды».
Балқаш-Алакөл бассейні кеңесінің төрағасы Серікқали Мұқатаев: «Біз барлығымыз су ресурстарын бағалау және қамын ойлау қажеттігін басшылыққа алуымыз керек. Біз барлық мүдделі тараптарды және су ресурстарына тікелей немесе жанама ықпал ететіндерді біріктіретін бассейін қағидасына негізделген су ресурстарын басқару жүйесін құруға тиістіміз» деп атап өтті.
Іс-шара Қазақстанның ұлттық және өңірлік су қорғау органдарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арнайы бағытталған ЕҚЫҰ Орталығының су ресурстарын тұрақты басқаруды дамыту қызметінің шеңберінде өтеді.