ЕҚЫҰ Орхусс конвенциясының Қазақстанда жүзеге асырылу мәселелеріне арналған бейнеконференцияның өткізілуіне ықпалдасуда
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің, Орхусс орталықтарының, ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес табиғатты қорғау ұйымдарының 30 астам сарапшылары 2014 жылдың 23 маусымында Астана қаласында өткен, Орхусс конвенциясының Қазақстанда жүзеге асырылуы бойынша 2015–2020жж. арналған Стратегиялық жоспар жобасына қатысты мәселелерге арналған бейнеконференцияға қатысты.
Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу, қоршаған орта мәселелері бойынша қалың бұқараның шешімдердің қабылдану барысына және сот әділдігінің орындалуына қатысуы мәселелеріне арналған Орхусс конвенциясы БҰҰ-ның басты құжаты болып табылады. ЕҚЫҰ қолдауымен және ықпалдасуымен құрылған Орхусс орталықтары үкіметтік емес ұйымдарды біріктіретін және олардың арасындағы қоршаған орта мәселелеріне қатысты серіктестік және ынтымақтастық қатынастарын жолға қоятын платформа ретінде үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың арасын байланыстырып тұрады, әрі Орхусс конвенциясы принциптерінің жалпыұлттық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылуына ықпалдасады.
2000 жылы Қазақстан БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының қоршаған орта мәселелері бойынша қалың бұқараның шешімдердің қабылдану барысына және сот әділдігінің орындалуына қатысуы туралы Конвенцияға қол қойды (Орхусс конвенциясы). Бүгін де 12 Орхусс Орталығының қолдауымен осы Конвенцияның нормалары мен стандарттарының жүзеге асырылып, орындалуына жан-жақты ықпалдасуда.
Аталған шара Ұлттық Орхусс орталығының ұйымдастыруымен және ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының ынтымақтастығымен және бірлесуімен өтті. Шараның мақсаты – Қазақстанға екі негізгі құжат: «2015–2020 жж. арналған Стратегиялық жоспар бойынша шешімдер жобасы» және «Қазақстанның Конвенция бойынша өз міндеттемелерін орындауына қатысты шешімдер жобасы» бойынша өз позицияларын айқындауға жәрдемдесу. Аталмыш құжаттар 2014 жылдығы 30 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Орхусс конвенциясы Тараптары отырысының Бесінші сессиясында қаралуға жатады. Талқы мен пікірталас барысында Тараптар отырысына қатысатын қазақстандық делегацияға бірқатар ұсыныстар берілді.