ЕҚЫҰ Орталығы Астана қаласында өтетін Кеден қызметкерлеріне арналған Еуропалық Аймақтық Конференцияның өткізілуіне қолдау көрсетуде
АСТАНА, 22 мамыр 2014 ж.– Бүгін VII Астана Экономикалық Форум аясында ЕҚЫҰ қолдауымен кедендік одақ контекстінде тәуекелдерді басқару, халықаралық ынтымақтастық және ақпараттық қамтамасыздандыру саясатын жетілдіру мақсатында ақпарат алмасу мәселелеріне арналған аймақтық конференция өз жұмысын бастады.
Екі күндік шараның ұйымдастырылуына ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Дүниежүзілік кедендік ұйым мұрындық болып отыр. Конференция жұмысына Қытай, Финляндия, Грузия, Қазақстан, Латвия, Нидерланды, Ресей, Сербия және Түркия елдерінің кедендік қызметтерінің 150 астам жоғары лауазымды өкілдері, шетелдік және жергілікті коммерциялық кәсіпорындардың өкілдері және жетекші халықаралық сарапшылар қатысуда.
Іс-шара барысында тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану және олардың нәтиже көрсетуінің еуропалық тәжірибесі, сабақтас проблемалар мен олардың шешімі, кедендік заңнама мәселелері бойынша әкімшілік басқармалармен және бизнес-қоғамдастықтармен ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіру стратегиялары мәселелері қаралды. ЕҚЫҰ Экономика және табиғатты қорғау мәселелері жөніндегі бюросының сарапшысы осы саладағы Ұйымның атқарып отырған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижелерін айтып өтіп, баяндамасын таныстырды.
«Үкіметтік құрылымдар мен коммерциялық ұйымдар үшін тиімді басқару мен ашық қаржылық саясаттың мәні жоғары. Бұл ретте, мемлекеттік басқару процессінде шешуші нәтижелерге қол жеткізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану басты фактор болып табылады. Сол себепті біз тәуекелдерді басқару жүйесін уақыт пен прогресс айқындайтын шешімдерді табудағы құрал ретінде ұдайы жетілдіріп отыруымыз қажет», - деп атап өтті премьер-министр орынбасары, Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
«ЕҚЫҰ халықаралық сауданың жүргізілуіне ықпалдасу мақсатында заңдардың орындалуын сақтау, ұлттық қауіпсіздікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ міндетті шараларын орындау арқылы кедендік бақылау арасында оңтайлы теңгерім құру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесіне баса мән беріп келеді. Мұнымен қоса жүйе шетелдік коммерциялық қарым-қатынастар орнату кезінде сыбайлас жемқорлықты азайту құралы болып табылады» - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудна.
Аталмыш шара Орталық пен Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің Қазақстан Республикасында еркін сауда мен мемлекеттік басқару мәселелерін дамытуды ықпалдасудағы бірлескен жұмыстарының бір бөлшегі болып болады.