ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы жасыл экономика тақырыбына арналған семинардың өткізілуіне қолдау көрсетуде
АСТАНА, 11 сәуір 2014 ж. – бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның жасыл экономикаға көшу контекстінде ұлттық заңнаманы нығайту мәселелеріне арналған семинар өз жұмысын бастады.
Аталмыш шараның ұйымдастырылуына Қазақстан Парламентімен, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі және «Жасыл Академия» Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы мұрындық болды.
Мақсаты жасыл экономика мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуін қамтамасыз етуге байланысты осы саладағы көзқарастар мен тиімді жұмыс әдістерінің берілуіне жәрдемдесу, сондай-ақ осы орайда Парламенттің басымдықтағы міндеттерін айқындау болған іс-шараға 40 жуық Парламент мүшесі және Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігінің қызметкерлері қатысты.
«Жасыл» өсім принципінің дәрежесі мен оңтайлы даму концепциясын іске асыру - үкіметтің жан-жақты қамтылған функциясы болып табылады. Оңтайлы даму саласындағы реттеу ұзақ мерзімді негізде жүйелі түрде жүргізілуі шарт» - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная. «Қазақстанның мұндай қажеттілікке түсіністікпен қарағаны бізді қуантып отыр. Мұны тиісті құқық қорғау мекемелерінің құрылуы және осы салада арнайы процедуралардың әзірленуі растайды. Бүгінгі шара да осы айтылған сөздердің айғағы».
«Жасыл экономикаға көшу жолындағы күрделі міндеттерді орындау үшін аталған концепцияның орындалуын қамтамасыз ететін институт болып табылатын Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігі бүкіл мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бизнес-қауымдастығының күшін бір арнаға тоғыстыру қажет», - деді Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Талғат Ахсамбиев. «Бүгін де Қазақстан жүйелік өзгерістер жасауға мүмкіндік беретін негізінен, табиғат байлықтарының ретсіз пайдаланылуын тоқтатуға, ресурстық базаны кеңейтуге және халықтың тұрмысын жақсартуға бағыт-бағдар алған жасыл экономикаға көшуге қажетті жаңа заңнамалық база әзірлеп үлгерді».
Шара Орталықтың қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету концепциясы мен оңтайлы жалпы даму шеңберінде жасыл экономиканы дамыту жолындағы ұзақ жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.