Интернетті террористік пайдалануға қарсы әрекет – Қазақстандағы ЕҚЫҰ семинарының тақырыбы
АСТАНА, 26 наурыз 2014 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдаған интернетті террористік мақсатта пайдалануға қарсы әрекет жөнінде екі күндік семинар басталды. Семинарды ЕҚЫҰ трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету жөніндегі департаменті, Қазақстанның Терроризмге қарсы орталығы мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Испания үкіметінің қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараға 5 елдің сарапшыларын және мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғамның өкілдерін қоса алғанда, 60-тан астам қатысушы қатысты. Семинарда интернетті террористік мақсаттарда пайдалануға, сыни инфрақұрылым объектілеріне қатысты террористердің қауіп-қатеріне және терроризмге тиімді қарсы әрекет ету үшін мемлекеттік жеке меншік әріптестікті пайдалануға ерекше назар аударылды. Қатысушылар семинардың соңында осы салаларда қауіпсіздікті күшейту үшін Қазақстандағы кейінгі шаралар жөнінде ұсынымдар дайындайды.
«Интернет желісінде терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет етудің тиімділігін арттыру мақсатында осы саладағы мемлекеттің ұлттық заңнамасын бір ізге салу және үндестіру жұмыстарын заң деңгейінде белсендірек жүргізу қажет, бұл ұлттықтың үстіндегі және халықаралық аренада қолданылатын антитеррорлық шараларды тиімдірек біріктіруді қамтамасыз етер еді», - деп мәлімдеді Орталықтың Антитеррорлық Штабының бастығы, полковник Кендебай Адамбеков.
Қазақстандағы Испанияның Елшісі Мануэль Ларроча Парада: «Интернетті терроризмде пайдалануға қарсы әрекет ету оңай емес, себебі интернет демократия және пікір білдіру еркіндігі сияқты негізгі құндылықтарды дамытуға арналған аса пайдалы құралдардың біріне айналды», - деді. Елші бұл аренада үкіметтер әрекет еткенде, олар бұл ретте халықты теракттерден қорғай отырып осы құндылықтарды құрметтеуге тиіс екенін атап өтті.
«Алдыңғы тәжірибелер, интернетті террористік мақсаттарда пайдалануға тиімді қарсы әрекет етуде негізгі сөздер: хабардарлық, дайындық, қабілеттелік және мүдделі тараптардың әріптестігі екенін көрсетті», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталья Зарудная. «Сондықтан үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы тығыз ынтымақтастықтың шешуші мәні зор».
Іс-шара терроризммен күреске ғаламдық күш салуда ЕҚЫҰ бәрін қамтушы үлесінің бөлігі болып табылады.