Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы есірткінің заңсыз айналымына қарсы әрекет жөніндегі семинарды қолдайды
Алматы, 5 наурыз 2014 ж. – Бүгін Алматыда есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды анықтау және қуғындау бойынша үш күндік семинар басталды. Есірткіні қадағалап жеткізуге және шұғыл сатып алуға ерекше назар аударылатын болады.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы БОМКА бағдарламасымен және АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Есірткінің заңсыз айналымымен күреске және алдын алуға тартылған Қазақстанның құқық қорғау органдарының өкілі болып табылатын шамамен 20 қатысушы есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды зерттеу саласындағы ең жақсы халықаралық тәжірибені қарайды және танысады. Іс-шараға кеден және шекара қызметінің, полицияның, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотропты заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының офицерлері қатысады.
Грузия мен Литваның құқық қорғау органдарының сарапшылары қадағалап жеткізу және шұғыл сатып алу жөніндегі іс-шаралар саласындағы өз елдерінің тәжірибелерімен бөліседі. Іс-шаралар бағдарламасына кіретін практикалық сабақ қатысушылардың қызметте жүргізетін тексерулеріндегі машықтарын жақсартуға бағытталатын болады.
«Есірткінің заңсыз айналымымен күрес ЕҚЫҰ-дан және оған қатысушы мемлекеттерден көп векторлы тәсілді талап етеді, себебі ол шекаралармен және мемлекеттілікпен есептеспейді, ұлттық экономикаларды, әлеуметтік тұрақтылықты және қоғамның мемлекетке деген сенімін бүлдіреді», - деп атап өтті Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының Басшысы Наталья Зарудная. «Бұл проблемаға тиісті шаралар қабылдау тек өңірлік ынтымақтастық арқылы мүмкін».
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының Қазақстанды есіртікінің заңсыз айналымына қарсы әрекет етуін қолдау бойынша қызметінің бөлігі болып табылады.