ЕЫҚҰ орталығы Астанада Орталық Азия жастар желісі түлектерінің кездесуін ұйымдастырады
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/8/0/116469.jpg?1517407236)
Орталық Азия жастар желісінінің (CAYN) қазақстандық түлектерінің Астанадағы екі күндік кездесуі 2014 жылы 3 наурызда аяқталды. Астанада ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткен іс-шара сенімді нығайтуға және өңірде ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге үлкен қызығушылық білдірген жас көшбасшылар арасындағы байланысты одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге Орталық Азия жастар желісі құрылған сәттен бастап соңғы он жылда семинарларға қатысқан бүкіл Қазақстаннан жастар желісінің шамамен 30 мүшесі қатысты. Семинарлар көшбасшылыққа және мансапты дамытуға бағытталды және оларды жергілікті фасилитаторлар өткізді, олар түлектермен өзінің мансаптық тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов Қазақстан мен Орталық Азиадағы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге, сондай-ақ оларды шешудің ықтимал жолдарына назар аударды.
ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталья Зарудна Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік бірлестігін жылжытудағы ЕҚЫҰ күш салуында академиялық топтар мен жас студенттердің ойнайтын рөлін атап өтті.
Орталық Азия жастар желісі 2004 жылы Өзбекстанда табысты студенттердің білімін арттыру және қазіргі қауіпсіздіккке төнген қатерді әрі мұндай қауіп-қатерлерге орай әрекет етуде ЕҚЫҰ рөлін түсіндіру мақсатында құрылды. Топ өңірдегі және одан тыс жерлердегі жас адамдар арасында желі құруды алға бастырады. 2014 жылдың қыркүйек айында Орталық Азия жастар желісі Алматыда жыл сайынғы оқиғаны өткізумен өзінің он жылдық мерейтойын атап өтеді.
Бұл іс-шара Орталыққа азаматтық қоғамның, атап айтқанда жастардың тартылуын арттыру жөніндегі күш салудың бір бөлігі, сондай-ақ 2014 жылы ЕҚЫҰ-дағы Швейцария төрағалығының басымдықтарының бірі болып табылады.