ЕҚЫҰ Орталығы адам саудасына қатысты судьяларға арналған оқу семинарын өткізуге қолдау көрсетуде
АСТАНА, 4 ақпан 2014 ж. – ЕҚЫҰ қолдауымен Адам саудасына қатысты сот істерін қарайтын судъялардың біліктілігін арттыру бойынша ілгері халықаралық тәжірибе бөлісуге бағытталған екікүндік оқу семинарлары бугін Астанада басталды.
Елдің әр аумағынан жиналған 35 аудандық судья, Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының тыңдаушылары және басқа мемлекеттік қызметкерлер адам саудасына байланысты өтемақыны қайтару формалары туралы халықаралық тәжірибеден алынған істерден мағлұмат алып, нақты істер бойынша шешімдерді қарастырады. Олар адам саудасының құрбандарына айналған адамдарды қорғауға, адам саудасын алдын алуға және мұндай істер бойынша сот ісін жүргізуге қатысты туындайтын қиыншылықтарды талқылайды.
Қазақстан, Түркия жоғарғы сотының судъялары, Франциядан келген сарапшы және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысушылармен тәжірибе бөліседі.
«Заң үстемділігін қолдау және адам құқықтарын қорғау адам саудасын алдын алу мен онымен күресу жолындағы ең нәтижелі стратегия болып табылады», - деп ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер атап өтті. Ол: «Адам саудасына қатысты тиімді қылмыстық сот төрелігі қазіргі құлдықтың осы формасын азайту мен зардап шеккендердің құқығын қорғауда маңызды құрал болып табылады», - деді.
Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты директорының орынбасары Серік Қаржаубаев: «Қазақстан басқа мемлекеттер сияқты, әсіресе саудаға ұшыраған адамдар үшін транзиттік мемлекет ретінде, осы көкейтесті мәселеге тап болды. Сондықтан адам саудасымен күресу және оның алдын алу Қазақстан саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады», - деп айтты.
Биылғы жылда аталған екікүндік семинар ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Жоғарғы Сот, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен ынтымақтастықта судьяларға арнайы жыл сайынғы өткізіліп отыратын жеті семинарлардың ішінде алғашқысы болып табылады.