Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы лаңкестікпен күрес мәселелерін талқылауға ықпалдасуда
26 қараша 2013 жыл, АСТАНА – заң шығарушы институттардың, азаматтық қоғамның және дін көшбасшыларының лаңкестікке әкелетін экстремизм мен радикалдықтың жолын кесу және онымен күресудегі орны Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткен халықаралық конференцияның басты тақырыбы болды.
Аталған шара Қазақстанның криминологтар одағының және Нұр Отан Партиясы жанындағы Құқықтың кеңесінің жәрдемдесуімен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Конференция жұмысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас прокуратураның. Жоғарғы соттың, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Дін істері жөніндегі агенттіктің және Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық институттың жоғары деңгейдегі 60 жуық парламентарийлері, халықаралық және ұлттық сарапшылары, академиктері және діни бірлестіктердің көшбасшылары қатысты.
Қатысушылар экстремизм мен радикалдыққа әкелетін факторларды, сондай-ақ әсіресе, дін деңгейіндегі осы қауіпке қарсылық көрсетудің жолдарын саралады. Атырау және Павлодар облыстары Әкімдерінің орынбасарлары азаматтық қоғаммен және діни бірлестіктермен ынтымақтаса отырып, экстремизм мен радикалдыққа қарсы іс-қимылдар бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Пікір-талас адам құқықтары мен заң үстемдігін сақтай отырып, жақсы білім, әлеуметтік оқшаулауды және жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу, зорлық-зомбылық көрсететін экстремистік топтардың насихат жүргізуіне қарсы әрекеттер қолдану арқылы алдын алу шараларына бағдар алды.
«Лаңкесттікке қарсы әрекеттер бойынша азаматтық қоғам, құқықтық қауымдастық, құқық қорғау органдары және білім беру мекемелері, сондай-ақ дін басшылары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекшелігін айтып өтудің себебі бар. Тарихтан білетініміздей, жеке бір мемлекет немесе мемлекеттік орган лаңкестікпен жалғыз күресе алмайды. Лаңкестік қаупін тек тығыз қарым-қатынастар мен ынтымақтастық арқылы ғана азайтып, адамдарды әсіресе, жастарды экстремизм идеологиясының ықпалынан қорғауға болады» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная.
Нұрлан Әбдіров, Парламент депутаты және Нұр Отан партиясы жанындағы Құқықтық кеңес Төрағасы атап өткендей: «Лаңкестік адам өміріне үлкен қауіп-қатер төндіреді. Билік органдары бұл қауіпке қарсы әрекет ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау арқылы заңнаманы күшейтті. Ендігі міндет – жастардың экстремистердің құрығына түсуіне жол бермейтін жүйе әзірлеу. Біз назарымызды қоғамдағы салауатты күштерге, институттарға, діни бірлестіктерге, қауіп төніп тұрған топтағы отбасыларға аударуымыз қажет».
Пікір-талас қорытындысы бойынша лаңкестіктің жолын кесу және оған қарсы әрекеттер бойынша азаматтық қоғаммен арадағы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты нығайту бойынша парламентке, мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына арналған ұсынымдар әзірленді.
Конференция барысында «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түсініктемелер ұсынылды. Бұл Қазақстанның ұлттық құқықтық сарапшылар дайындаған заңның әр бабы бойынша жеке-жеке жүргізілген саралау деуге болады.
Конференция Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қабылдаушы тарапқа лаңкестіктің жолын кесуге және онымен күресуге жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларының соңғысы болып табылады.