ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде пәнаралық пікірталастарға көмектесуде
АСТАНА, 15 қараша 2013 ж. – Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы бүгін Астанада өткен жемқорлыққа қарсы күрес және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі замануи тәсілдер жөніндегі халықаралық конференцияны қолдады.
Іс-шараны Қаржы полициясы агенттігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы бірге ұйымдастырған. Мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының, мамандандырылған ғылыми және білім мекемелерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың 100 шақты өкілі конференцияға қатысты. Қатысушылар экономикалық қылмыстар тәуекелін азайту үшін және жемқорлықты тоқтату, оған қарсы күресу мақсатында өздерінің заманауи стратегиялары мен әдістері аясындағы білімімен бөлісті.
Халықаралық сарапшылар нақты жемқорлыққа қарсы жауаптар беріп, жемқорлық пен экономикалық қылмыстардың теріс салдарларын тоқтату және жеңілдету үшін тиімді шешімдер мен тақырыптық зерттеулерді талқылады.
Жаннет Клетцер, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары: «Халықаралық ынтымақтастық, жемқорлыққа қарсы алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу экономикалық қылмыстармен байланысты тәуекелдерді азайтады».
«Жемқорлық қоғамға көптеген залалдар алып келеді, кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігіне қирау әсерін тигізеді. Осы себепті жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан үшін, әсіресе, жақында қабылданған «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы аясында басты басымдылықтардың бірі болып табылады» , – деп атап өтті генерал Андрей Лукин, Қаржы полициясы агенттігі басшысының бірінші орынбасары.