ЕҚЫҰ Қазақстанда азаптауды алдын алудың ұлттық механизмін жүзеге асыруға көмектесуде
АСТАНА, 19 қараша 2013 - Астанада бүгін басталған екікүндік семинар барысында Қазақстанда азаптау мен қатыгездікке қарсы алдын алудың ұлттық механизмін жүзеге асырудың мәселелері талқыланды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен), Халықаралық абақты реформасы өкілдігі, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы өкілдігі және ЮНИСЕФ бірлесе отырып, Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Азаптауды алдын алу ұлттық механизмінің (АҰМ) институционалдық нығаюы жөнінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарына қолдау көрсетуге бағытталған бұл іс-шара осы жылы алғашқы рет өткізіліп отыр. Келесі семинар 29-30 қараша күндері Алматыда өткізіледі.
Таяуда қабылданған АҰМ жөніндегі заңнамаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындары және арнайы мекемелерге Ұлттық омбудсмен мен азаматтық қоғам өкілдерінің тұрақты барып қарауының жүйесін қалыптастырылды. Аталған қараулар азаптау немесе басқа қатыгез жазалау түрлерінің қолданыста жүрмейтіндігін тексеру үшін жүргізіледі.
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен) кеңсесі өкілдері, құқық қорғаушылар, құқықтық мәселелер жөніндегі Армения мен Қазақстан сарапшылары, жалпы саны 60 жуық қатысушылар, АҰМ-ды жүзеге асыру мәселелерінің кең шеңбері бойынша талқылау өткізді. Соның ішінде АҰМ Үйлестіру кеңесінің өкілеттігі, АҰМ мүшелерінің іріктеу тәртібі, барып қараудың әдістемелік ұсыныстары, және балалар мен мүгедектерге арналған арнайы мекемелерді бақылау мәселелрі қарастырылды.
«Қазақстанда азаптауды алдын алудың ұлттық механизмін қалыптастыру бас бостандығынан айырылған тұлағалар құқықтары мен жалпы адам құқықтарының жақсаруындағы ілгері қадам болып отыр. Қазақстан қылмыстық сот төрелігі жүйесінің ауқымды реформасын бастады және бұл тұрғыда АҰМ елде жарияланған азаптауға қарсы төзімсіздік білдіру саясатының іске асырылуына септігін тигізеді», - деді Елші Наталья Зарудная, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы.
Ол азаптау мен қатыгездікке қарсы тұрақты және кешенді шара қолданудың қажеттілігін атап өтіп, абақты орындарының қоғамдық бақылаудың астына алу жөніндегі азаматтық қоғам мен билік өкілдері арасында диалогты күшейтуге шақырды.
«Біз азаптауды алдын алудың ұлттық механизмінің үйлестірушісі ретнде омбудсменнің тағайндалуы мен «Омбудсмен + мемлекеттік емес ұйымдар» моделі таңдалуын азаптау тәжірибесінің жойылуына септігін тигізеді деген ойдамыз», - деп Адам құқықтарын қорғау Ұлттық Орталығының (Омбудсмен кеңсесі) директоры Вячеслав Калюжный атап өтті.
Семинар АҰМ ілгері дамыту ісі аясында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының мемлекеттік мекемелер мен азматтық қоғам ұйымдарына қолдау көрсету жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.