Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы заңсыз есірткі айналымынан түскен табыстың жылыстауымен күресу бойынша оқыту семинарын қолдайды
Алматы, Қазақстан, 1 қазан 2013 жыл – Бүгін Алматы қаласында заңсыз есірткі айналымынан түскен табыстың жылыстауымен заң аясында күресу тақырыбына арналған төрт күндік оқыту семинар жұмысын бастады. Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинар барысында ақшаның жылыстауымен байланысты қылмыстарға қарсы әрекеттердің қолданылуына жауапты аймақтық ішкі істер департаменттерінің 40 жуық өкілі есірткі бизнесінен түскен ақшаның жылыстауына қатысы бар істер бойынша қылмыстық тергеулер және ақшалай қаражатты тексеру мәселелеріндегі жоғары бағаланған халықаралық тәжірибемен танысатын болады. АҚШ сарапшылары өз елдерінде бұл қылмыспен қалай күрескенінайтып тәжірибемен бөліседі .
Сонымен бірге семинар қатысушылары есірткі саудасынан түскен кірістің лаңкестік әрекеттерді қаржыландыруға қалай жіберілетіндігінен хабардар болады.
Семинар барысында ЕҚЫҰ Ұлтаралық қауіпке қарсы әрекет қолдану департаментінің Лаңкестікке қарсы бөлімшесінің басшысы Томас Вухте өз баяндамасын оқитын болады.
Орталық басшысы, елші Наталия Зарудная өзінің алғысөзінде былай деді: «Заңсыз есірткі айналымынан түскен қаражаттың жылыстауына тоқтау салу үшін жүргізілетін әрекеттер сол елдің шегінде ғана жүргізілмеуі тиіс. Бұл орайда халықаралық ынтымақтастықтың болуы міндетті. Өйткені ақшаның жылысталуы және лаңкестік өздерінің табиғаты жағынан шекара аралық қылмыстарға жатады».
Өткізіліп отырған шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанның заңсыз есірткі айналымы мен қаржылық қылмыстардың жолын кесу мәселелері бойынша іс-қимылдарына қолдау көрсетуінің бір бөлшегі болып табылады.