Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингке қолдау көрсетуде
Алматы қаласында 2013 жылдың 3 - 4 қазан күндері өткен сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу тақырыбына арналған екі күндік республикалық семинар-тренингке Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің. Қаржы полициясының, Бас прокуратураның және Кедендік бақылау комитетінің жоғарғы және орта буынды 25 маманы қатысты.
Шара ЕО/БҰҰДБ Орталық Азия шекарасын басқаруға ықпалдасу жөніндегі бағдарламасының, Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың бірлесуімен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Семинар қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен әдістер туралы хабардар болуын арттыруға, сондай-ақ кәсіби дағдылардың қолданысын жетілдіруге бағытталған. Болгариядан келген сарапшы құқық қорғау органдары қолданылуы мүмкін сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі әдістерге жалпы шолу жасап шықты.
Аталмыш тренинг ЕҚЫҰ Орталығының сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық мүдделі тараптардың бірыңғай амалының әзірленіп, іске қолданылуын меңзейтін тиімді басқару саласындағы қызметінің бір бөлшегі болып табылады.