ЕҚЫҰ орталығы Орхусс конвенциясының Қазақстан Республикасында іске асырылуын талқылау мәселесіне қолдау көрсетуде
АСТАНА, 9 қазан 2013 жыл – бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен өткен дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік және сот органдарының, ғылым ортасы мен қоғамдық ұйымдардың 30 астам сарапшысы қатысты. Шара барысында Орхусс конвенциясының Қазақстанда іске асырылуының нормативтік-құқықтық аспектілері талқыланды.
Дөңгелек үстелді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының және Норвегия үкіметінің қолдауымен, Жоғарғы сот пен Ұлттық Орхусс орталығының бірлесуімен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өткізді.
Іс-шараның мақсаты – таяуда Орхусс конвенциясының Женевадағы Хатшылығына ұсынылуы тиіс екі құжат жобасын қарастыру, талқылау және аяқтау. Дәлірек айтқанда, Конвенцияның жүзеге асырылуы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерінің орындалуына, сондай-ақ соттар азаматтық істер бойынша экологиялық дауларда қолданатын Жоғарғы соттың құқықтық тәжірибе бойынша шешімдер жобасына қатысты ресми жауап беру.
«Соңғы жылдары Қазақстан қоршаған ортаны қорғау және қоғамның табиғаттың қорғалуын басқару ісіне қатысу саласында айтулы жетістіктерге жетті. Орталық мемлекеттің Конвенцияға сәйкес барлық міндеттемелерін орындауы мақсатында тиісті нормативтік-құқықтық актілерді жетілдірудегі ҚР талпынысын қолдап отыр», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, Елші Наталия Зарудная ханым.
«Семинар Қазақстан Республикасындағы адамдарды Орхусс конвенциясы бойынша алынған міндеттемелерді орындауға итермелеп, ынталандыратын болады», - дейді қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Бектас Мұхамеджановтың сәлемдемесі.
Қазақстан 2000 жылы БҰҰ ақпаратқа қол жетімділік, бұқараның шешімдердің қабылдану барысына қатысуы және қоршаған ортаны қорғау бойынша сот әділдігіне жету (Орхусс конвенцияы) туралы ЕЭК Конвенциясына қол қойған болатын. Конвенцияның орындалуына ықпалдасу үшін елдің әр аймақтарында 2009 жылдан бері 12 Орхусс орталығы құрылды.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингке қолдау көрсетуде
Алматы қаласында 2013 жылдың 3 - 4 қазан күндері өткен сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу тақырыбына арналған екі күндік республикалық семинар-тренингке Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің. Қаржы полициясының, Бас прокуратураның және Кедендік бақылау комитетінің жоғарғы және орта буынды 25 маманы қатысты.
Шара ЕО/БҰҰДБ Орталық Азия шекарасын басқаруға ықпалдасу жөніндегі бағдарламасының, Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың бірлесуімен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Семинар қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен әдістер туралы хабардар болуын арттыруға, сондай-ақ кәсіби дағдылардың қолданысын жетілдіруге бағытталған. Болгариядан келген сарапшы құқық қорғау органдары қолданылуы мүмкін сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі әдістерге жалпы шолу жасап шықты.
Аталмыш тренинг ЕҚЫҰ Орталығының сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық мүдделі тараптардың бірыңғай амалының әзірленіп, іске қолданылуын меңзейтін тиімді басқару саласындағы қызметінің бір бөлшегі болып табылады.