ЕҚЫҰ Қазақстанда мигранттардың интеграциялануы мәселесіндегі озық тәжірибені алға тартуда
АСТАНА, 10 қазан 2013 жыл – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкес мигранттардың интеграциялануының озық тәжірибе бойынша сәйкес екі күндік оқу семинары басталды. Шара ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының ынтымақтасуымен ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның ұйымдастыруымен өтті.
Семинар қатысушыларының арасында көші-қон қызметі органдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жоғарғы және орта буынды басшылары бар. Көпшілігі еңбек мигранттарының басым бөлігінің отбасылары тұратын Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан келген. Қатысушылар мигранттардың әлеуметтік интеграциялануына қатысты қолданылатын ЕҚЫҰ басшылыққа алынатын принциптеріне сәйкес, ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің және осы салада тәжірибесі мол елдердің мысалында оқитын болады.
«Семинардың мақсаты – мемлекеттік билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарға көші-қонды тиімді басқару бойынша шешімдер мен тәжірибе жүзіндегі шараларды ұйымдастыруға ықпалдасу. Заманауи көші-қон саласындағы мәселелер бойынша және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңейтілген диалог пен тәжірибе алмасу көптеген елдерде маңызды құрал болып табылады» - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Басшысының орынбасары Жаннет Клётцер.
«ЕҚЫҰ еңбек көші-қоны саласындағы өзекті шешімдердің әзірленуіне, мамандардың кәсіби деңгейлерінің арттырылуына және көші-қон саласындағы озық тәжірибенің таралуына өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі семинар осы жұмыстың бір бөлшегі болып табылады» - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің этникалық көші-қонды реттеу басқармасының басшысы Марат Тоқсамбаев.
Бұл жоба Министрліктің, ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының ЕҚЫҰ принциптері мен міндеттемелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көші-қонның нормативтік базасын жаңартуға бағытталған бұған дейінгі бірлескен қызметіне негізделеді.